Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде 7-9 пайыздық жаңа ипотекаға қанша төлеу керек?

фото: Shutterstock

Елімізде 7-9 пайыздық жаңа ипотекаға қанша төлеу керек?

03.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
58
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Елімізде жаңа ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 7 пайыз немесе 9 пайыз болуы мүмкін. Осыған байланысты артық төлемнің жалпы сомасы айтарлықтай өзгереді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Сәуір айының соңында Қазақстанда Наурыз ипотекасы ресми түрде іске қосылды. Ол арқылы жылдық 9 пайызбен немесе егер қатысушы халықтың әлеуметтік жағынан осал санатына жататын болса, 7 пайызбен тұрғын үй несиесін алуына болады.

Айта кететін жайт, елімізде 9 пайыздық мөлшерлемесі бар “Отау” ипотекалық бағдарламасы да жұмыс істейді. Бұған дейін сарапшылар оның аясында тұрғын үй сатып алған қарыз алушылардың төлеуі тиіс сомасын шамамен есептеген болатын.

Сізге ұнауы мүмкін

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025
Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Енді “Крыша” сарапшылары 7 пайыздық және 9 пайыздық Наурыз ипотекасы бойынша да осындай есептерді дайындады.

Екі жағдайда да 25 миллион теңге несие сомасы негізге алынды. Осы орайда бастапқы жарна 5 миллион теңгені, яғни 20 пайызды құрайды.

Бұл жерде “Наурыз” ипотекасының “Отбасы Банкінің” кез келген бағдарламасы сияқты екі кезеңді несиелеу схемасы бар екенін ескерген жөн:

  1. бастапқы жарна депозитке аударылады. Қарыз алушы пәтер құнын сәйкес несие алады, үй сатып алады және төлем жасай бастайды. Оның көп бөлігі банк сыйақысын төлеуге, аз бөлігі депозитті толықтыруға кетеді;
  2. депозитте қарыз сомасының 50 пайызын жинақтағаннан кейін оның барлығы өтеуге кетеді, ал қарыз алушы әдеттегі тұрғын үй кредитіне ауысады, ол бойынша мөлшерлеме 3,5-5 пайызға дейін төмендейді.

Сол себепті қарыз алушы соманың 50 пайызын депозитте жинақтап үлгергенге дейін бірінші кезеңде 7 пайыз және 9 пайыз мөлшеріндегі қарыз арасындағы негізгі айырмашылықтар байқалады.

Сарапшылардың пікірінше, бұған қол жеткізу үшін 8 жыл ішінде 25 миллион теңге тұратын пәтер сатып алғанда ай сайын төлеуге тура келеді:

  • 7 пайыздық несие бойынша төлемдер 210,8 мың теңгені құрайды, оның 145,8 мың теңгесі банк сыйақысын өтеуге, ал қалған 65 мың теңге депозитке түседі;
  • 9 пайыздық несие бойынша төлемдер жоғары – 252,5 мың теңге, оның 187,5 мың теңгесі банкке түседі, ал 65 мың теңге депозитке жіберіледі.

8 жылдан кейін екі жағдайда да салымдарда 13,8 млн теңге жинақталады:

  • 5 млн теңге – бастапқы жарна;
  • 1,2 млн теңге – мемлекеттік сыйлықақы;
  • 1,4 млн теңге – банктің сыйақысы;
  • 6,2 млн теңге – депозитті толықтыру.

Бұл соманың барлығы несиені өтеуге кетеді, ал қалған 11 жыл ішінде қарыз алушы жылдық 3,5-5 пайызды төлеуді жалғастырады, себебі мөлшерлеме тек негізгі қарызға қолданылады.

Екі жағдайда да төлем 104 мың теңге. Қарыздың қорытындысы бойынша 7 пайызбен 19 жыл үшін жалпы артық төлем 13,9 млн теңгені, ал 9 пайызбен 17,9 млн теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, “Наурыз” бағдарламасының шарттары:

  1. алғашқы жарна 20 пайыздан бастап;
  2. тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме – 7 пайыз (ЖТСМ 7,3 пайыздан 8,9 пайызға дейін);
  3. азаматтардың барлық санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме – 9 пайыз (ЖТСМ 9,3 пайыздан 11,8 пайызға дейін);
  4. несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы баспана сатып алуға болады, ал басқа елді мекендерде шектеу жоқ.

Бағдарламаға соңғы 5 жылда жеке баспанасы жоқ қазақстандықтар ғана қатыса алатынын есте ұстаған жөн. Бұл талап олардың отбасы мүшелеріне де қатысты.

Бұл жағдайда “Отбасы банкінде” ең аз сомасы 1 миллион теңгеге депозит ашылуы керек, сонымен қатар қарыз алушының соңғы 6 айдағы ресми кірісі де болуы керек.

Осындай жағдайларға байланысты бағдарламаға қатысуға өтініш білдірген көптеген қазақстандық сайып келгенде іріктеуден өте алмай қалды.

Тег: ипотекамөлшерлемепайызтұрғын үй

Ұқсас материалдар

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Атом энергетикасы тақырыбына қатысты сұрақтар қоғамда үлкен қызығушылық пен алаңдаушылық тудырады. Әсіресе атом электр стансасынан (АЭС) шығатын радиоактивті қалдықтардың қауіпсіз...

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

08.07.2025

Қазақстанда салық міндеттемелерін орындамаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Уақытында төленбеген салық үшін өсімпұл есептеледі, банк шоты бұғатталып, тіпті қылмыстық жауапкершілікке...

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

08.07.2025

Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының төл өнерін ұлықтайтын ерекше мереке. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі Қазақстанда ресми түрде...

Келесі
Қазақстандық аруларға күтінуге қанша ақша кетеді?

Қазақстандық аруларға күтінуге қанша ақша кетеді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz