Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде әуе рейстерінің кешігу мәселесі қашан шешіледі?

фото: pixabay.com

Елімізде әуе рейстерінің кешігу мәселесі қашан шешіледі?

22.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев жаз айларында рейстердің кешігуі деректеріне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

«Рейстердің кешуі әр мемлекеттегі әр компанияда болып жатады. Биыл біздегі көрсеткіш 77 пайыз шамасында. Басқа мемлекеттермен салыстырсақ, АҚШ-та – 77 пайыз, Еуропада 76 пайызды құрады. Жалпы, биыл осы көреткіш төмендеп жатыр. Boeing өндірісінде, жаңа ұшақтарды әкелуде проблемалар байқалды. Мәселен, биыл біз 12 жаңа бортты әуе компанияларына жеткіземіз деп жоспарлаған едік. Қазір оның тек 8-і келді, ал жыл соңына дейін төрт ұшақ жеткізіледі», – деді Т. Ластаев елордада әуе көлігі тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, тамыз айында елімізде бірнеше әуежай жөндеуге жабылған. Бұл тұрғыда Астана әуежайы түнде жұмыс істемейді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

«Сондықтан күндізгі рейс саны көбейді. Әуежай 24 сағат бойы үзіліссіз жұмыс істесе, сағатына 10-12 рейс келетін. Қазір күндіз бұл көрсеткіш 20-25-ке көбейген», – деп түсіндірді вице-министр.

Бұған қоса ол жақында жауған бұршақ біраз ұшақты зақымдағанын айтты.

«Қазақстандағы әуе компанияларында 101 ұшақ бар, оның ішінде 10-ы түрлі себеппен тұрып қалды. Бесеуі бұршақ жауғанда зақымдалды. Қазір соның бәрі жөнделді. Сол кезде рейстердің кешігуі көбейген еді. Жалпы, аталған 10 ұшақ рейстерге кірісті. Бұдан бөлек, Ақтөбе әуежайында ұшу-қону жолағы жөнделіп жатыр, сондай-ақ Ақтау әуежайында да осы жұмыстар басталды. Еліміздегі әуежайларда жөндеу жұмыстары аяқталғанан кейін, рейстердің кешігуі мәселесі шешіледі», – деді Талғат Ластаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай Көлік вице-министрі вьетнамдық компанияның Qazaq Air-ді сатып алуы рәсімі күзде аяқталатынын растады.

Тег: әуе рейстері

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Әлемнің ТОП-10 үздік университетіне қай ЖОО-лар кіреді?

Әлемнің ТОП-10 үздік университетіне қай ЖОО-лар кіреді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz