Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде ауыр көліктерге автожолда жүк тасымалдауға тыйым салынады: Енді қайдан жүрмек?

фото: pixabay.com

Елімізде ауыр көліктерге автожолда жүк тасымалдауға тыйым салынады: Енді қайдан жүрмек?

13.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
16
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Карьерде жүруге арналған HOWO және SHACMAN көліктеріне еліміздің жолдарында жүк тасымалдауға тыйым салынады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар автожолдарды күтіп ұстау мәселесіне қатысты сұрақ қойды.

Осы орайда М. Қарабаев жолдарды күтіп ұстауда үш басым бағытқа екпін қойылғанын айтты.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

«Біріншіден, 25 мың шақырым республикалық жолды күтіп ұстау үшін жылына 80 млрд теңге қаражат қажет. Өкінішке қарай, бұл соманы толық бөле алмаймыз, 35 млрд теңгесі ғана бағытталады. Қалған ақшаны қазір ақылы жолдан түсетін қаражат есебінен бағыттап жатырмыз. Екіншіден, жолдар жақсы жағдайда болуы үшін тиісті жабдықтар мен техника керек. Норматив бойынша 3 600 техника қажет болса, соның 2,5 мыңы бар, яғни 1 100 техника жетпейді. Сондықтан былтыр 350 техника және биыл тағы 350 техниканы сатып алдық. Бұл өз кезегінде жолды күтіп ұстауға елеулі ықпал етеді», – деді министр.

Сондай-ақ ол жолды көбіне ауыр жүк көліктері бұзып жатқанын айтты.

«Үшіншіден, жүкті шамадан тыс артық жүк тиеген ауыр көліктер жолға залал келтіріп отыр. 25 мың шақырым жолда небәрі 18 ғана өлшеу құралы орнатылған. Біздің мақсатымыз – қосымша 220 өлшеу станциясын ел аумағында орнату. Биыл 20 құрылғы қойылады. Осы үш басым бағыт жолды күтіп ұстауға мүмкіндік береді», – деді М. Қарабаев.

Ведомство басшысы жүк көліктерін бақылайтын жаңа жүйе тамыз айында іске қосылатынын айтты.

«Аталған 18 өлшеу камерасына тоқталсақ, бұл жүйе автоматтандырылған. «Сергек» сияқты біздің өлшеу жүйеміз суретке түсіріп, айыппұлды тасымалдаушыға жолдап отырады. Тиісті заң Сенатта мақұлданғаннан кейін, жүйені биыл тамыз айында іске қосу жоспарланған. Астананың маңында 29 карьер бар. Елордаға кіретін 6 жолда осындай камера қойдық. HOWO және SHACMAN (Қытайда өндірілетін көліктер) көліктері ауыр жүк тасымалдауға арналған. Шетелде мұндай көліктер тек карьерде жүреді. Бұл тақырып бойынша Парламентке заңнамалық ұсыныспен келмекпіз. Елімізде 60 мыңға жуық осындай жүк көлігі бар. Оларға автожолда жүруге мүлдем тыйым салу ұсынылып отыр. Яғни, оларға жүкпен жолда жүруге тыйым салынбақ. Егер крьерге бару керек болса, онда осы ауыр көліктер жолда тек жүксіз жүруі тиіс. Бұл заңнамалық ұсыныстарды енгізбекпіз. Осы арқылы жолдағы ауыр жүкті мүлдем тоқтатпақпыз», – деді Марат Қарабаев.

Бұл тұрғыда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ауыр жүк көліктеріне қатысты пікір білдірді.

«Жолдың сапасына осы жүк көліктері әсер етіп отырғанын бәріміз білеміз. Олардың бәрі жолдарда бақылаусыз жүріп жатыр. Себебі өлшейтін құралдар тиісті деңгейде қамтымай отыр. Сонымен қатар, мобильді бекеттер де жоқ», – деді Е. Қошанов.

Тег: ауыр көлікжүк тасымалдау

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Неліктен қарызға салынған жолдар бюджет қаржысына салынған жолдан 3 есе қымбат?

Неліктен қарызға салынған жолдар бюджет қаржысына салынған жолдан 3 есе қымбат?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz