Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде баласы бар кез келген отбасына қанша ақша төленеді?

фото: pixabay.com

Елімізде баласы бар кез келген отбасына қанша ақша төленеді?

31.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті есептемегенде балалы отбасыларға жеті түрлі жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер беріледі, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Қазақстанда балалы отбасыларға белсенді қолдау көрсетілуде. Айта кеткен жөн, мемлекет қолдауына көп балалы ата-аналар ғана сене алмайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде атап өткендей, қазіргі таңда елімізде балалы отбасыларға республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақылардың 5 түрі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемдердің 2 түрі төленеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тен біржолғы төлемдер тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты. 4 айдың қорытындысы бойынша бұл төлемді 90 мыңнан астам адам алды.

Әрі қарай бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бала тууға арналған біржолғы жәрдемақы мөлшері ұлғайды. Биыл дүниеге келген бірінші, екінші және үшінші балаларға – 140 мың теңге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға – 232 мың теңгеден астам төленеді. Жыл басынан бері бұл жәрдемақыны 136 мыңнан астам адам алды.

Жұмыс істемейтін әйелдер босанғаннан кейін бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы алады. Көлемі балалардың жалпы санына байланысты және 21 266 теңгеден 32 859 теңгеге дейін өзгеруі мүмкін.

Егер әйел босанғанға дейін жұмыс істеген болса, ол Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан осындай әлеуметтік төлем ала алады. Оның мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызы болады.

Сонымен қатар 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы.

Жәрдемақы мөлшері – 4 баласы бар отбасы үшін 59 183 теңгеден 8 баласы бар отбасылар үшін 118 144 теңгеге дейін балалар саны бойынша сараланған. Ал одан да көп баласы бар отбасылар үшін бұл сома әр бала санына байланысты 14 768 теңгеге артып отырады. Биыл бұл жәрдемақы 601,8 мың отбасына төленеді, бұл мақсаттарға 474,8 млрд теңге қарастырылған.

Көпбалалы аналардың беделін арттыру үшін өмір бойы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады, ол табысына қарамастан “Күміс алқа” және “Алтын алқа” алқаларымен марапатталған әйелдерге төленеді. Биыл бұл жәрдемақыны 237 мың 598 анаға төлеу жоспарлануда, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 70 млрд теңге қарастырылған.

Қазақстанда аз қамтылған отбасыларға ерекше қолдау көрсетіледі. Балалардың санына қарамастан атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. Оның аясында 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) көлемінде қосымша төлемдер бөлінеді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға да жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, 7 жасқа дейінгі балаларға ең төменгі күнкөріс деңгейі 1,61, яғни 2024 жылы 69 885,7 теңге төленеді, ал әрі қарай мүгедектік тобына байланысты болады.

Бұған қоса балаларының сырқатына байланысты үйінде өз бетінше білім беруге мәжбүр болған ата-аналар да мемлекеттен өтемақы ала алады. Оның мөлшері отбасының тұрғылықты жеріне байланысты, мысалы, Алматыда төлем 12 АЕК немесе 2024 жылы 44 304 теңге болды.

Тег: жәрдемақыкөпбалалы отбасыотбасы

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Қанша қазақстандық табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсырды?

Қанша қазақстандық табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсырды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz