Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде қандай салымдар депозитке қарағанда көбірек табыс әкеледі?

фото: pixabay.com

Елімізде қандай салымдар депозитке қарағанда көбірек табыс әкеледі?

14.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
14
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Банктерде тек депозит ашып қана қоймай, одан да тиімдісін – депозит сертификатын сатып алуға болады. Алайда оның елеулі кемшіліктері бар. Салым жасауда ұтылмау жолдарын қазір сіздерге тарқатып кететін боламыз.

Банктегі депозит, әсіресе ағымдағы сыйақы мөлшерлемелерін ескерсек, жинақтарыңызды сақтаудың және көбейтудің тиімді әдісі болуы мүмкін.

Бірақ қазақстандықтар үшін бұл қосымша табыс табудың жалғыз жолы емес. Депозит сертификатын банк салымының баламасы ретінде қолдануға болады.

Сізге ұнауы мүмкін

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025
Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорында (ҚДКБҚ) айтылғандай, мұндай өнімнің әдеттегі депозиттен кейбір артықшылықтары бар, ал ең бастысы – пайда көру мүмкіндігі жоғары.

Банктік депозит сертификаты – банк ұстаушының атына шартта белгіленген номиналды құнға, мерзімге және сыйақы мөлшерлемесіне шығаратын бағалы қағаз. Сертификаттың қолданылу мерзімі өткен кезде банк оны ұстаушыдан тиісті сыйақы төлей отырып сатып алады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай өнімдерді екі банктен сатып алуға болады: Home Credit Bank және “Банк ВТБ Қазақстан”. Олардың мөлшерлемесі 16 пайыздан басталады және сертификатты сатып алу мерзімі 6 айдан 60 айға дейінгі аралықта.

Айта кеткен жөн, депозиттік сертификат бойынша сыйақы мөлшерлемесі қазақстандық банктердегі депозиттердің көпшілігіне қарағанда айтарлықтай жоғары. Алайда ол сертификаттың бірнеше кемшілігі үшін өтемақы есебінде жүреді.

Мысалы, кәдімгі депозиттен айырмашылығы, сертификат капиталдандырылмайды, яғни банк оны ұстаушыдан сатып алғанда бір рет қана табыс әкеледі. Сонымен қатар сертификаттан ақшаны ішінара алуға немесе оны толтыруға болмайды.

Бұл ретте банктік депозит сертификатының басқа да ерекшеліктерін есте ұстаған жөн:

  • оны тек теңге номиналымен ашуға болады;
  • егер шарт мерзімінен бұрын бұзылса, оның құны ғана қайтарылады, ал пайыздар “күйіп кетеді”;
  • оның сақталуына ҚДКБҚ кепілдік бермейді – егер банк жабылса, қор сертификатты сатып алуға жұмсалған ақшаны төлемейді.

Сертификат алу керек пе, жоқ па, әр қазақстандық өзі шешуі керек. Жоғары пайыздық мөлшерлемелердің арқасында оның иелері әдеттегі банктік салымдарға қарағанда жоғары табыс таба алады.

Тег: ақшадепозитсалым

Ұқсас материалдар

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Атом энергетикасы тақырыбына қатысты сұрақтар қоғамда үлкен қызығушылық пен алаңдаушылық тудырады. Әсіресе атом электр стансасынан (АЭС) шығатын радиоактивті қалдықтардың қауіпсіз...

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

08.07.2025

Қазақстанда салық міндеттемелерін орындамаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Уақытында төленбеген салық үшін өсімпұл есептеледі, банк шоты бұғатталып, тіпті қылмыстық жауапкершілікке...

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

08.07.2025

Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының төл өнерін ұлықтайтын ерекше мереке. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі Қазақстанда ресми түрде...

Келесі
Неліктен қазақстандықтар университетке қарағанда балабақшаға көп ақша жұмсайды?

Неліктен қазақстандықтар университетке қарағанда балабақшаға көп ақша жұмсайды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz