Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде мұнайды кім және қайда жөнелтеді?

фото: pixabay.com

Елімізде мұнайды кім және қайда жөнелтеді?

06.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстаның мұнай тасымалдау нарығында үш кәсіпорын мұнайды экспортқа шығару үшін магистралды құбыр желілерін пайдаланады. Олар: «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақстан-Қытай құбыр желісі» ЖШС және «МұнайТас» солтүстік-батыс құбыр желісі» ЖШС, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай экспортының тауарлық нарығы туралы қорытынды жариялады. Олар магистралды құбыр желілерінің үш меншік иесі де Қытай мен ішкі нарыққа мұнай өнімдерін түрлі көлемде жеткізеді немесе тасымалдауды жүзеге асырады. Үшеуінің ішінде тек «ҚазТрансОйл» ғана Еуропаға мұнайды тікелей жеткізеді. Олардың құбыр желісі Қазақстандағы ең ұзын құбыр саналады – 5 372 шақырым. Ол Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарын бір-бірімен жалғайды. Өзен-Атырау-Самара бағытында созылып жатыр және Ақтау айлағына дейін жетіп, Каспий құбыр желісі жүйесімен және Атасу-Алашанькоу құбыр желісімен жалғасады.

«ҚазТрансОйл» АҚ – ұлттық оператор, сонымен қатар «Қазақстан-Қытай құбыр желісі» ЖШС және «МұнайТас» солтүстік-батыс құбыр желісі» ЖШС, «Каспий құбыр желісі консорциумы-К» АҚ магистралды мұнай желісі компанияларына пайдалану және техникалық қызмет көрсетеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан-Қытай құбыр желісі Атасу-Алашанькоу және Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырларына иелік етеді. Олардың жалпы ұзындығы 1 759 шақырымды құрайды. Ол Қазақстан мен Ресей мұнайын Қытайға негізгі жеткізуші саналады.

«МұнайТас» солтүстік-батыс құбыр желісі» ЖШС Батыс Қазақстан мұнайының мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілуін қамтамасыз етеді және Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының кері қимыл жобасының арқасында Ақтөбе және Қызылорда облыстарында мұнай өндірудің төмендеуінің әсерін бейтараптандырады. Жалпы ұзындығы – 449 шақырым.

Айта кеткен жөн, Қазақстан «Каспий құбыр консорциумы» (КҚК) халықаралық мұнай тасымалдау жобасының да қатысушысы саналады. Оның ұзындығы 1510 шақырым (452 шақырымы Қазақстан бөлігі). Мұнай құбыры Қазақстанның Теңіз мұнай кен орнын Қара теңіздегі Оңтүстік Озереевка мұнай терминалымен байланыстырады.

КҚК акционерлері:

* «Транснефть» ЖАҚ атынан Мемлекеттік мүлікті басқару федералды агенттігі (сенімді басқару) – 24%,

* «КТК компани» – 7%,

* «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 19%,

* Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%,

* Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%,

* LUKARCO B.V. – 12,5%,

* Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%,

* Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%,

* BG Overseas Holdings Limited – 2%,

* Eni International N.A. Н.В. С.ар.л. – 2%,

* Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.

Айта кетейік, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистралды құбыр желісі арқылы ішкі нарықта 1 000 шақырымға мұнай тасымалдау тарифі тоннасына 4 355 теңге, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге экспортқа мұнай тасымалдау тоннасына 10 150 теңге, Ресей мұнайын мұнай құбыры арқылы тасымалдау тарифі Қазақстан Республикасының Қытайға дейінгі аумағы арқылы тоннасына 4,23 доллар.

Тег: мұнай

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Қазақстанда саяси институттар қалай дамуда?

Қазақстанда саяси институттар қалай дамуда?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz