Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде “Наурыз жұмыскер” жаңа тұрғын үй бағдарламасы бастау алды

фото: pixabay.com

Елімізде “Наурыз жұмыскер” жаңа тұрғын үй бағдарламасы бастау алды

24.01.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
6
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Елімізде техникалық мамандарға арналған “Наурыз жұмыскер” жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл президенттің бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау аясында орындалып жатыр, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтың тапсырмасы бойынша Отбасы”Банк “Наурыз жұмыскер” атты жаңа бағдарламаны іске қосты. Осылайша, жұмысшыларға арналған тұрғын үй мәселесі шешілетін болады. Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары қызметкерлерін қамтиды.

Ағымдағы жылы “Наурыз жұмыскер” бағдарламасы аясында жұмысшы кәсіп өкілдеріне 72 млрд теңге сомасына 2440 несие беру жоспарлануда.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Өтінімдерді қабылдау 17 наурызға жоспарланған. “Наурыз жұмысшысы” қазірдің өзінде танымал “Наурыз” тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болады.

Бағдарламаға сәйкес несиелер азаматтардың әлеуметтік осал топтары үшін 7% (ЖТМ-нің 7,1% – дан 9,6%-на дейін) және барлық басқа санаттар үшін 9% (ЖТМ-нің 9,4%-дан 13%-на дейін) мөлшерлемемен беріледі.

Бастапқы жарна таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10%-дан, әрлеусіз бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады.

Өңірлер бойынша несиенің ең жоғары сомасы – 30 млн теңге. Астана мен Алматы үшін 36 млн теңге.

Сонымен қатар, “Наурыз жұмыскер” бағдарламасымен қатар “Отбасы банк” отандық кәсіпорындармен “корпоративтік” өнімдер аясында жұмыс істейді. Бұл дегеніміз, кәсіпорындар өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөледі.

“Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер құюшылар ауыр жұмыстарды атқарады. Осы және басқа да көптеген мамандық иелері бізді негізгі қажеттілігімізді қамтамасыз етіп отыр. Мұндай мамандарға жасалған қамқорлық – бүкіл қоғамның игілігі үшін жасалған қамқорлықпен тең. Көбі қиын жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан олардың баспана мәселесін шешу қиын еңбек жағдайларының орнын толтыруға септігін тигізеді”, — деді “Отбасы банкі” АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Тег: бағдарламаНаурыз жұмыскертұрғын үй

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
2024 жылы елімізде қанша қызметкер жұмыс орнында көз жұмды?

2024 жылы елімізде қанша қызметкер жұмыс орнында көз жұмды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz