Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде педагогикалық дипломы жоқтарға да мектепте сабақ өткізуге рұқсат берілмек

фото: ашық дереккөз

Елімізде педагогикалық дипломы жоқтарға да мектепте сабақ өткізуге рұқсат берілмек

30.01.2024
Жаңалықтар
621
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Елімізде енді педагогикалық дипломы жоқ мамандар да мектепте балаларды оқыта алады. Бұл кадр тапшылығы мәселесін шешеді деп болжанған, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

Мектептерге мұғалім ретінде жоғары білімді, бірақ педагогикалық білімі жоқ мамандарды тарту жоспарланып отыр. Ол үшін олар теория, практика және мектептегі оқытуды қамтитын бір жылдық курстардан өтіп, сәйкес сертификат алуы қажет. Мамандардың сөзінше, жаңа жүйе басты мәселе – еліміздегі ұстаз тапшылығын шешуге септігін тигізеді.

“Жоғары білімі бар және тиісті пәндер бойынша дайындалған мамандар ертеңгі күні жетіспейтін мұғалімдерді алмастыра алады. Бұл – бірінші мәселе. Екіншіден, басқа саладан мұғалімдердің келуі мектептегі кәсіби өмірді біршама әртараптандырады. Мұғалімдер өзара тәжірибеcін алмасады”, – дейді “Назарбаев зияткерлік мектебі” АҚ педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Қабдыкәримова.

Сарапшылар бұл әдіс сұранысқа ие болады деп есептейді, өйткені мұғалімдердің жалақысы қазір айтарлықтай жоғары.

Сізге ұнауы мүмкін

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025
Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

“Балаларды дұрыс түсінуге, сыни тұрғыдан ойлауға, өзара әрекет етуге және алған білімін дұрыс қолдануға үйретуіміз керек. Тағы бір мәселе, бұл адамдар педагогиканы қаншалықты меңгереді. Педагогика мен коммуникацияны білу толыққанды дайындық болуы керек: жай ғана белгі үшін немесе жай сертификат үшін емес”, – деп түсіндіреді “Мирас” университетінің ректоры Нүркен Халықберген.

Мұғалімдер мектеп оқушыларымен жұмыс істеу кез-келген адамның қолынан келе бермейтінін айтты. Мұғалімдерге қойылатын талап әрқашан да жоғары.

“Мектепте жұмыс істеймін деген адам моральдық-психологиялық тұрғыдан дайын болуы керек. Түрлі жағдай болады, ол осы жағдайлардан шығудың жолын табуы керек”, – дейді №65 мектеп-гимназиясының орыс тілі мұғалімі Сәуле Үсенова.

Ата-аналар да жаңашылдыққа қарсы емес. Олар ең бастысы оқудың балаларға пайдасы тисе екен дейді. Әзірге “сырттан кіру” жүйесі НЗМ-де қолдану жоспарланып отыр. Бірақ сарапшылардың айтуынша, бір жылдық оқуды аяқтап, сертификат алғаннан кейін орта мектептерге жұмысқа орналасуда еш қиындық болмайды.

Тег: мектепМұғалім

Ұқсас материалдар

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Атом энергетикасы тақырыбына қатысты сұрақтар қоғамда үлкен қызығушылық пен алаңдаушылық тудырады. Әсіресе атом электр стансасынан (АЭС) шығатын радиоактивті қалдықтардың қауіпсіз...

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

08.07.2025

Қазақстанда салық міндеттемелерін орындамаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Уақытында төленбеген салық үшін өсімпұл есептеледі, банк шоты бұғатталып, тіпті қылмыстық жауапкершілікке...

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

08.07.2025

Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының төл өнерін ұлықтайтын ерекше мереке. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі Қазақстанда ресми түрде...

Келесі
Ең тиімді депозит қайда?

Ең тиімді депозит қайда?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz