Кейде көлікті салоннан сатып алсаңыз да, түрлі қиындық туындауы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда да қазақстандықтар тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңына сүйене алады. Қазір біз әрекет жолдарын айтып береміз.
Бұл мәселе Алматы тұрғынының басынан өткен. Ол дилерден жаңа көлік сатып алған, алайда көп ұзамай ақауы анықталғаннан кейін қайтармақшы болады. Алғашында автосалон қызметкерлері көліктің ақшасын қайтарудан бас тартқанымен, бұл дауға тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті араласқан соң, сатып алушыға 7,6 миллион теңге қайтарылған.
Дәл осындай жағдай Алматы қаласының басқа тұрғынында қайталанды. Ол салоннан құны 15,5 млн теңге болатын автокөлік сатып алған. Бірақ кейін ақаулары анықталады, ал сатушы, бірінші жағдайдағыдай, алғашқыда ақшаны қайтарудан бас тартты.
Дау кезінде департамент өкілдері компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде құны дәл сондай басқа көлікке айырбастау рәсімделді.
Мұндай жайттар Алматыда ғана емес, еліміздің өзге облыстарында да болған. Мәселен, Маңғыстау облысында қазақстандық автосалоннан ақауы бар көлікті сатып алған. Басында сатушы тұтынушыға ақшасын қайтарудан бас тартқан, бірақ кейін департамент өкілдері қатысқан сот отырысы өтіп, сатып алушының пайдасына шешім шығарылды. Осылайша тұтынушыға 7,42 миллион теңге мөлшерінде қаражат қайтарылды.
Түркістан облысының тұрғыны 11 миллион теңгеге көлік сатып алған. Алайда оның да ақауы бары анықталды. Туындаған дауға департамент өкілдері араласқан соң сатушы ақауы бар көлікті соған ұқсас көлікке ауыстыруға міндеттелді.
Шымкентте де осыған ұқсас жайт болған, бұл жолы сома әлдеқайда жоғары еді – 20 миллион теңге. Шымкент тұрғыны автосалоннан жаңа көлік сатып алған соң көптеген ақауды анықтаған. Кейін департамент “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заңның нормаларын түсіндіріп, екі тарап келісімге келген. Осылайша сатып алушы ақшасын қайтара алды.
Жалпы жыл басынан бері Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті азаматтарға 102,4 миллион теңгеден астам қаржыны қайтаруға көмектескен.