Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде талапкерлерге арналған қосымша қандай білім беру гранттары бар?

фото: kapital.kz

Елімізде талапкерлерге арналған қосымша қандай білім беру гранттары бар?

07.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
32
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл талапкерлерге барлығы 8000-нан астам қосымша грант қарастырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Ведомство мәліметіне сәйкес, 3 000-ға дейін грант қайта бөлінеді. Сондай-ақ 870 жұмыс берушілерден грант беріледі.

Министрлік өкілдері қосымша мынадай білім беру гранттарын атап өтті:

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

12.07.2025
Қазақстанда ондаған телеарна мен радиостанция уақытша жұмысын тоқтатады

Қазақстанда ондаған телеарна мен радиостанция уақытша жұмысын тоқтатады

12.07.2025
  • 800 Түркістандағы Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университетінің гранттары;
  • Ректорлық гранттар;
  • 2 475 жергілікті атқарушы органдардың гранттары;
  • 850 “Қазақстан халқына” қорының гранттары;
  • 500 Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу үшін Түркия Республикасынан берілетін грант;

Бұған қоса ведомстводағылар сессия қорытындысы бойынша бос гранттар алу мүмкіндігі барын жеткізді.

“Қазақстан халқына” қорының ресми сайтындағы мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдан бері бағдарламаның арқасында 2,6 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Ал 2023-2024 оқу жылында қордың оқуға және шәкіртақыға төлеген төлемдері 2,6 млрд теңгені құраған.

Білім грантына:

  • Күндізгі оқу нысанында оқудың барлық кезеңіне “бакалавр” дәрежесін беру кезінде жоғары білім алу үшін жылына 1 миллион теңгеден аспайтын мөлшерде тегін төлем.
  • Жазғы демалысты қоспағанда, тамақтандыру, тұру және оқу әдебиетін сатып алу шығындарын ішінара жабу үшін жылына 10 айға 40 мың теңге көлемінде ай сайынғы шәкіртақы кіреді.

Қор мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдан бастап бағдарламаға 93 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (ЖБО) қатысып келеді.

Білім беру гранттары жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыратын жоғары оқу орындарының тізбесіне енгізілген жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы бакалавриат бағдарламасы бойынша беріледі.

Өтініш берушілерді таңдау критерийлері:

  1. ауылдық жердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан;
  2. жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
  3. мүгедектігі бар;
  4. мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан;
  5. 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
  6. 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.

Сондай-ақ үміткерлердің жасы 29 жастан аспауы керек. Білім беру гранты жеке тағайындалады, аударылмайды және аккредиттелген университеттерде күндізгі бөлімде оқу үшін бір рет беріледі. Мемлекеттік білім грантын алған тұлғалар “Қазақстан халқына” қорының грантына құжат тапсыра алмайды. Грантты екінші дәрежелі немесе онлайн білім алу үшін пайдалануға болмайды.

“Білім беру грантын беру өз қалауы бойынша және үлгермеуі бойынша оқудан шығарылған жағдайларда, сондай-ақ студент оқудың екінші жылына қалдырылған және білім беру гранты иеленушісінің бағдарламаға қатысушыларға тиесілігін растайтын дұрыс емес ақпарат және/немесе дәйексіз құжаттар ұсынылған жағдайда тоқтатылады.

“Қазақстан халқына” қоры аталған талаптарға сай азаматтарын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына хабарласуға шақырады. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 17 тамыз”, – делінген қор хабарламасында.

Тег: білімгрантқорталапкер

Ұқсас материалдар

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

12.07.2025

Алматы қаласының Қала құрылысы бақылау басқармасы сатып алуға ұсынылмайтын 28 тұрғын үй кешенінен тұратын арнайы тізімді жариялады. Тізімге түрлі аудандарда...

Қазақстанда ондаған телеарна мен радиостанция уақытша жұмысын тоқтатады

Қазақстанда ондаған телеарна мен радиостанция уақытша жұмысын тоқтатады

12.07.2025

«Қазтелерадио» АҚ Көктөбе телемұнарасында жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді. Осыған байланысты 15–18 шілде аралығында бірқатар телеарна мен радиостанцияның қызметі...

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Келесі
Қазақстанда көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат етілген бе?

Қазақстанда көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат етілген бе?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz