Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Еліміздегі инфляция мен несиелердің пайызы бойынша не күтілмек?

фото: pixabay.com

Еліміздегі инфляция мен несиелердің пайызы бойынша не күтілмек?

05.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар арасында кезекті макроэкономикалық сауалнама нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сауалнамаға қатысқан сарапшылар мұнай бағасына, инфляцияға, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне және басқа да экономикалық көрсеткіштерге қатысты өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Мұнай

Орташа күтулер бойынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 2024 жылы барреліне орта есеппен 83,7 АҚШ долларын, ал 2025 және 2026 жылдары барреліне 80 АҚШ долларын құрайды. Сарапшылар бұған дейін де осындай болжам жасаған.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

ЖІӨ

Қазақстан экономикасының 2024 жылға өсуі бойынша болжамдар біршама төмендеді: 4,3 пайыздан 4,1 пайызға дейін, ал 2025 және 2026 жылдарға сәйкесінше 5 пайыз және 4,5 пайыз деңгейінде қалды.

Инфляция

2024 жылға арналған инфляция болжамы 8,5 пайыздан 8 пайызға дейін жақсарды. 2025 және 2026 жылдарға арналған инфляциялық күтулер сәйкесінше 6,8 пайыз және 6 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Несиелер мен депозиттер бойынша пайыздар

Сарапшылардың ағымдағы жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша болжамдары 14 пайыздан 14,4 пайызға дейін, 2026 жылға 9,2 пайыздан 10 пайызға дейін өсті. Келесі жылға болжамдар іс жүзінде өзгерген жоқ және сол 11 пайызды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, базалық мөлшерлеме неғұрлым жоғары болса, несиелер мен депозиттер бойынша пайыздар соғұрлым жоғары болады. Қазір базалық мөлшерлеме 14,5 пайызды құрайды.

Егер сарапшылардың болжамы орындалса және мөлшерлеме біртіндеп төмендейтін болса (2024 жылы – 14,4 пайыз, 2025 жылы – 11 пайыз және 2026 жылы–10 пайыз), онда несиелер мен депозиттер бойынша мөлшерлемелер төмендеуі мүмкін.

Тег: инфляциякредитмұнайнесие

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Қай өңірлерде табиғи өрт қаупі бар?

Қай өңірлерде табиғи өрт қаупі бар?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz