Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Енді Қазақстандықтарға тұрғын үйді сақтандыру үшін қанша төлеу қажет?

фото: pixabay.com

Енді Қазақстандықтарға тұрғын үйді сақтандыру үшін қанша төлеу қажет?

26.04.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан сақтандыруды міндеттеу ұсынылып жатыр. Осы үшін “Табиғи апаттардан тұрғын үйді міндетті сақтандыру туралы” заң жобасы әзірленіп, ол талқылау үшін “Ашық НҚА” порталында жарияланды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Заң жобасында сақтандырылатын апат ретінде жер сілкінісі, су тасқыны, қар суының басуы және орман өрттерін белгілеу ұсынылады. Табиғи апаттан сақтандыруды жүзеге асыратын Мемлекеттік сақтандыру ұйымы құрылады.

Алдын ала есептеулерге сәйкес, мұндай сақтандырудың жылдық құны 1 000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін болады. Сома өңірдің табиғи апаттарға бейімділігіне байланысты есептеледі. Бастапқы кезеңде 1 000 теңге жарна төлеген жағдайда 500 мың теңге көлемінде сақтандыру төлемі көзделген, ал 20 000 теңге жарна үшін – 10 миллион теңге. Қаражат жинала келе, Мемлекеттік сақтандыру ұйымы тұрғын үйді жөндеуге және жаңа баспана сатып алуға кеткен шығындарды өтейді.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025
Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

“Мемлекеттік сақтандыру ұйымының болуы ірі апаттар кезінде залалды өтеу үшін резерв қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сақтандыру ұйымында жинақталған активтер сақтандыру оқиғалары бойынша төлемдерге, (ақшаның жинақтау бөлігін) инвестициялауға және қайта сақтандыруға бағытталады”, – делінген құжатта.

Табиғи апаттардан тұрғын үйді міндетті сақтандыруды енгізу мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтып, халықтың мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тетігі болады деп көрсетілген. Қазір табиғи апаттар (су тасқыны немесе жер сілкінісі) болған жағдайда, тұрғын үйді қалпына келтіру және азаматтарға көмек көрсету жауапкершілігі тек мемлекетке жүктелген.

Қазақстанда тұрғын үйлердің тек 3,2%-ы ғана табиғи апаттардан сақтандырылған. Мұндай сақтандыру ең көп рәсімделген өңір – Алматы қаласы. Мұндағы көрсеткіш – 7,7%-ға тең.

Тег: сақтандырутұрғын үй

Ұқсас материалдар

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025

Көлікке құйылған жанармай сапасыз болып шықса, бұл үшін кім жауапты? Неліктен танымал жанармай құю бекеттерінен отын алғаннан кейін көлік «салдырлап»...

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Қазақстанда білім беру саласындағы орташа жалақы 302 428 теңге болды. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Мәселен, 2025...

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

22.05.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несиелерге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыда күшейтуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізді, деп...

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

22.05.2025

Қазақстандықтар енді Отбасы банкіндегі несиесін мерзімінен бұрын жауып, бірден жаңа баспанаға ипотека рәсімдей алмайды. Енді олар қайтадан депозит ашып, кем...

Келесі
Қазақстандықтар жұмыстан шығып қалғанда берілетін әлеуметтік төлемді қалай ала алады?

Қазақстандықтар жұмыстан шығып қалғанда берілетін әлеуметтік төлемді қалай ала алады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz