Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Ілияс Жансүгіровтің 1927 жылғы жыр жинағы табылды

фото: Ілияс Жансүгіров музейінен

Ілияс Жансүгіровтің 1927 жылғы жыр жинағы табылды

13.12.2023
Жаңалықтар
49
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ақын Ілияс Жансүгіровтың бұрын белгісіз болып келген тағы бір кітабы табылды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Төте жазумен теріліп, 1927 жылы Мәскеу қаласындағы баспадан шыққан жинақты Алматы қаласының байырғы тұрғыны, кинорежиссер Ербол Бораншаұлы жеке кітапханасында сақтаған. Ақынның шымшыма өлеңдерінен құралған кітап «Өтірік» деп аталады. Ілияс ақын репрессия құрығына ілінген кезде көптеген кітаптары мен қолжазбалары тәркіленіп, жойылған еді. Бұл түпнұсқа жинақ Жансүгіров мұрасына қосылған үлес қана емес, қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі оқиға болып отыр.

Қазір табылған кітап Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы облыстық әдеби мұражайға қойылған.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Бұл сүйінші хабарды аталған мұражай меңгерушісі Нұргүл Жауынбаева Жетісу университетінде өткен «Жансүгіров оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында хабарлады.

– Бұл кітап – бұрын-соңды ешкімнің қолына түспеген түпнұсқа. Сүйінші хабарды Жансүгіров оқуларына еліміздің түкпір-түкпірінен келген Ілиястанушы ғалымдар мен студент жастарға жеткізіп отымыз.

Кітапты көріп көзайым болуды ойлаған жандарды музейге шақырамын, – дейді Ілияс Жансүгіров атындағы облыстық әдеби мұражай меңгерушісі Нұргүл Жауынбаева.

Ал университет қабырғасында дәстүрлі түрде өтетін ғылыми конференцияда Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жан-жақты талқыланды.

Тег: Ілияс Жансүгіров

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Дариға Бадықованың фильмі жаңа рекорд орнатты

Дариға Бадықованың фильмі жаңа рекорд орнатты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz