Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Қай жерден қате жібердім”: Ердос Қанаев марқұм ұлын есіне алды (видео)

фото: видеодан үзінді

“Қай жерден қате жібердім”: Ердос Қанаев марқұм ұлын есіне алды (видео)

29.01.2024
Жаңалықтар
223
👁️
WhatsappTelegramFacebook

“Жігіттер” тобының мүшесі, әнші Ердос Қанаев алғаш рет отбасы мен өмірден ерте кеткен ұлын айтып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Urpaq подкастына сілтеме жасап.

Бүгінде әнші көпбалалы әке. Жары Айдана екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

“2009 жылы алғаш рет әке атандым. Бірақ қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Тұңғышым дүниеге келген күні шаруаларыммен басқа қалада жүр едім. Келіншегімнің жанында болмадым. Достарыма сүйіншілеп, қатты қуандық. Перзентханаға келгенде ұлымды жан сақтау бөліміне алып кетіпті. Сол кезде-ақ қуанышымыз су сепкендей басылды. Екі ай вакуумде демалып жатты. Диагнозбен туғанын сол кезде бір-ақ білдік. Ұйқысыз түндер басталды. Өнер адамы болғаннан кейін сыртта көп жүрдім. Анасы ғана жанында болды. Тіпті екі күн үйде, екі ай ауруханада жатты. Анасы жанында, мен сыртта көлікте күтіп отыратын едім. Сондай күндер де өтті. 10 жасқа жеткенде дүниеден өтті. Осы күнге дейін отбасым мен балаларым туралы айтпағанмын. Ұлым кеткесін айта бастадым. Халық та ерекше диагноздағы баламның барын ол кеткеннен кейін бір-ақ білді. Туабітті сырқат болғасын, апармаған жеріміз жоқ. Бірақ пешенесіне 10 жыл ғана өмір сүруді жазыпты”, – деп күрсінеді өнер иесі.

Оның айтуынша, тұңғыш баласынан кейін екі ұл, екі қыздың әкесі атанды. Алайда баласының сырқатынан кейін балалы болуға қорқып қалғанын жасырмады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

“Қазақ эстрадасындағы көпбалалы әкелердің бірімін. Бірақ Абдулрахимнан кейін балалы болуға қорқып қалдық. Тек ұлымызды аяққа тұрғызуды ойладық. Бірақ Алла нәсіп етті. Қазір жақсы әке болуды үйреніп жатырмын. Балаларыма үлгілі әке болуға тырысамын. Құдайдан тек дені сау ұрпақ тілеймін. Тұңғышым ата-ана мейіріміне қанбады деп ойлаймын. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін уақытымның көп бөлігін балаларымның жанында өткізгім келеді. Кейде неге менің балам ғана ауру болып туды деп ойлайтыным да жасырын емес. Қай жерден қате жібердім, кімнің қарғысына қалдым деп ойлаймын. Бірақ жоғарыдан келген сынақ екенін білгеннен кейін өзімді жазғыруды тоқтаттым”, – дейді әнші.

Тег: Ердос ҚанаевЖігіттер тобымарқұмұлышоу бизнес

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Қазақстанда медициналық сақтандыру жарнасы бес есеге артады: Өзгеріс кімдерге қатысты?

Қазақстанда медициналық сақтандыру жарнасы бес есеге артады: Өзгеріс кімдерге қатысты?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz