Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қандай мамандар елімізден кетіп жатыр?

фото: pixabay.com

Қандай мамандар елімізден кетіп жатыр?

28.03.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Елімізден сыртқа кетіп жатқан мамандардың 73% еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлім етті, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

— Қазақстаннан халықтың тұрақты түрде кетуі байқалады. Мәселен, 2019 жылы елден 159 мың азамат біржола кеткен, олардың негізгі бөлігі солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріне тиесілі. Бұл шамамен 105 мың адам, — деді Олжас Анафин Сенат қабырғасында өткен іс-шара барысында.

Оның сөзінше, Қазақстаннан кеткен азаматтардың 80%-ы ТМД елдеріне қоныс аударып жатыр.

— Елден кеткендердің 73% еңбекке қабілетті жастағы азаматтар, олардың ішінде 30%-ы — техника, экономика және педагогика саласындағы білікті кадрлар, — деп атап өтті Олжас Анафин.

Дегенмен вице-министр ел ішінде ішкі көші-қонның қарқын алғанын айтып отыр.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

— 2024 жылы ішкі көші-қон аясында 689,5 мың адам өңірлер арасында қоныс аударды. Олардың 411,4 мыңы аймақтарға орналастырылды. Ішкі халық қозғалысы бойынша ең үлкен ағын Астана, Алматы және Шымкент қалаларына бағытталған, бұл негізгі ішкі көші-қонның 50,6%-ын құрайды, — деді вице-министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Олжас Анафин қазақстандықтар солтүстік өңірлерден көшу жалғасып жатқанын айтқан болатын.

 

Тег: Басты жаңалықтармаман

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Қазақстанның қай қалаларында пәтер бағасы төмендеді?

Қазақстанның қай қалаларында пәтер бағасы төмендеді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz