Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі: ҰҚК оның шетелдік активтерін іздестіруде

фото: 365info.kz

Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі: ҰҚК оның шетелдік активтерін іздестіруде

19.09.2023
Жаңалықтар
78
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты ақшаны жымқыру және пара алу туралы істі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап .

“Кәрім Мәсімовтің мүлкі мен ақшалай қаражатына қатысты ҰҚК қылмыстық кодекстің 218 және 366 баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. Тергеу аясында оның ықтимал шетелдік активтерін іздеу және алып қою шаралары қабылдануда”, – деп хабарлады ҰҚК.

2023 жылдың сәуірінде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кәрім Мәсімовті мемлекетке қастандық жасағаны үшін, билікті күштеп басып алу әрекеті, билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тауып, оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. ҰҚК-нің бұрынғы басшысынан және оның сенімді адамдарынан тәркіленген үкім бойынша 24 539 662 доллар және 50 мың еуро мемлекет кірісіне айналуға жатады.

2022 жылғы наурызда ҰҚК Кәрім Мәсімов жабық келісімшарт алғаны үшін шет мемлекет өкілдерінен 2 миллион доллар пара алғанын хабарлады. Бұл қаражат Гонконгтан Қазақстанның Ұлттық Банкіне қайтарылды. Сондай-ақ, Мәсімов премьер-министр лауазымында болған кезеңде елордада бизнес-құрылымдардың бірінен құны 2,5 млрд теңгеге жуық элиталық қонақ үй мен жер учаскесін алғаны хабарланды. Бұл үйде 17,2 миллион доллар қолма-қол ақша, сондай-ақ көптеген сәнді заттар, элиталық сағаттар, алтын құймалар, антиквариат тәркіленді. Сонымен қатар, Мәсімовке тиесілі 11 қымбат бизнес-класс автокөлігі тәркіленді.

Сізге ұнауы мүмкін

“Дінде рұқсат жоқ”: Анасы дәрігерлерге қан құюға рұқсат бермеген екі жасар сәби көз жұмды

“Дінде рұқсат жоқ”: Анасы дәрігерлерге қан құюға рұқсат бермеген екі жасар сәби көз жұмды

29.09.2023
«Мен сіздерді алдап келдім»:  Әнші Индира Расылхан халықтан кешірім сұрады

«Мен сіздерді алдап келдім»: Әнші Индира Расылхан халықтан кешірім сұрады

29.09.2023
Тег: Басты жаңалықтарКәрім Мәсімовқылмыс

Ұқсас материалдар

“Дінде рұқсат жоқ”: Анасы дәрігерлерге қан құюға рұқсат бермеген екі жасар сәби көз жұмды

“Дінде рұқсат жоқ”: Анасы дәрігерлерге қан құюға рұқсат бермеген екі жасар сәби көз жұмды

29.09.2023

Көкшетауда көпсалалы облыстық балалар ауруханасында екі жасар сәби көз жұмды, деп хабарлайды Kaskelen.kz Кішкентай науқас ауыр жағдайда Щучье қаласынан санитарлық...

«Мен сіздерді алдап келдім»:  Әнші Индира Расылхан халықтан кешірім сұрады

«Мен сіздерді алдап келдім»: Әнші Индира Расылхан халықтан кешірім сұрады

29.09.2023

Соңғы кезде дінге, психологияға бет бұрған Индира Расылхан көпшіліктен кешірім сұрап, желідегі парақшасында бейнеүндеу жасады, деп хабарайды Kaskelen.kz “Ойым шашыраңқы...

“Өте масқара жағдай”: Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Қытайда мас күйінде табылды

“Өте масқара жағдай”: Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Қытайда мас күйінде табылды

29.09.2023

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық жаттықтырушы мас күйінде ұйықтап жатқан жерінен табылып, Қазақстанның өкілдеріне берілген деген ақпарат...

“Осы уақытқа дейін үндемей келдім”: Гүлзада Тұрлаш пікір білдірді

“Осы уақытқа дейін үндемей келдім”: Гүлзада Тұрлаш пікір білдірді

29.09.2023

Қыран Талапбектің екінші әйелі Гүлзада Тұрлаш авторлық курсын сатқаны үшін, өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Kaskelen.kz “Осы уақытқа дейін...

Келесі
Әйелді және екі баласын өлтірген: Қылмыскерді тұрғындар ұстап берді

Әйелді және екі баласын өлтірген: Қылмыскерді тұрғындар ұстап берді

kaskelen.kz

06.03.2019 ж. №17582-1СИ мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

kaskelenkz − еліміздегі, өңіріміздегі және әлемдегі елеулі оқиғалар туралы, хабардар ететін қоғамдық-саяси және ақпараттық-сараптамалық желілік басылым.
Сіз біздің kaskelenkz порталын Instagram, YouTube, TikTok, Telegram және Facebook сияқты платформалардан таба аласыз.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz