Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қате статистикалық дерек үшін айыппұл салынады: Сомасы қанша?

фото: pixabay.com

Қате статистикалық дерек үшін айыппұл салынады: Сомасы қанша?

23.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Маусым айынан бастап қазақстандықтар статистикалық есептілікті тапсыру жүйесінде біраз енгізулер орын алмақ. Қате немесе уақытылы ұсынылмаған деректер үшін жауапкершілік күшейтіледі, деп хабарлайды kaskelen.kz.

6 сәуірде президент “Мемлекеттік статистика туралы” Қазақстан Республикасының заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды. Бұл өзгерістер 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі. Жаңа түзетулер статистикалық деректердің уақытылы және дұрыс берілуін қамтамасыз ету шараларын күшейтеді.

“Кейінгі жылдары ұсынылатын бастапқы статистикалық есептілік сапасының төмендеуі байқалады. Сондықтан мемлекет субъектілердің олар ұсынатын деректер үшін жауапкершілігін белгілі бір жолмен қатаңдатуға мәжбүр”, – дейді стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының басқарма басшысы Сырым Мәдиев.

Оның сөзінше, дұрыс берілмеген сатистикалық дерек қоғамның дамуына үлкен кедергі келтіреді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

“Бір қарағанда, мемлекеттік статистика органдарының жұмысы көзге көрінбейді. Бірақ қоғамның жұмысын жоспарлауы және қамтамасыз етуі біз жинайтын және өңдейтін мәліметтерге тікелей байланысты. Біздің өміріміздің жайлылық деңгейі тұрғындардың саны, агроөнеркәсіптік кешен субъектілері, кәсіпорындар өндіретін өнім көлемі, әртүрлі аймақтардағы жалақы деңгейі және басқа да біз жинайтын және өңдейтін көптеген деректерге байланысты. Ал қате деректер болып жатқан оқиғалардың жалпы көрінісін бұрмалайды және қоғамның дамуына кедергі келтіреді”, – деді Сырым Мәдиев.

Мысалы, электр қуатымен қамтамасыз ететін тоғыз ірі және орта кәсіпорынның қызметін алсақ, ресми статистикаға сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 1 228 032 мың кВт/сағ электр энергиясы өндірілген. Осы тоғыз респонденттен бастапқы статистикалық есепті алған кезде мамандар берілген ақпаратты тексереді. Оның әдістемеде белгіленген форматы мен логикалық бақылауға сәйкестігі, өлшем бірліктерінің дұрыстығы тексеріліп, көрсеткіштер өткен есепті кезеңмен салыстырылады.

“Егер кейінгі айлардағы есепте респондент электр энергиясын өндірудің наурыз айындағы көлемінен асып кетсе немесе керісінше оны азайтса, статистика департаментінің мамандары олардан өсу немесе кему себептері туралы ақпарат сұрайды. Содан кейін өңделген ақпарат ұлттық статистика басқармасына жіберіледі және пайдаланушылар үшін жиынтық есеп түрінде жарияланады”, – дейді маман.

Қате статистикалық дерек жіберілгені анықталса, статистикалық нысанға түзету енгізу қажет екені туралы хабарлама жіберіледі.

Статистикалық деректі қайта ұсыну немесе ұсынылған деректердің дұрыстығын растау үшін қосымша ақпарат беру арқылы түзетулер енгізуге болады. Бұл мақсатқа бұған дейін екі күн берілсе, қазір тек бір жұмыс күнінде жүзеге асырылуы қажет. Қате дерек қайта ұсынылса, айыппұл салынады.

Егер респонденттер кестеде көрсетілген мерзімде бастапқы статистикалық деректерді ұсынбаса, бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сол себепті енді азаматтар статистикалық есептілікті толтыру кезінде жауапты және бастапқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімдеріне мұқият болуы керек. Айыппұл сомасы субъектілердің мөлшеріне байланысты.

Тег: айыппұлстатистикаҰлттық статистика бюросы

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Елімізде ҰБТ форматы өзгереді

Елімізде ҰБТ форматы өзгереді

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz