“Құрмет” орденімен марапатталып, кейін басы бәлеге қалған әнші Әли Оқапов қазіргі жағдайы туралы жазып, болашақтағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Экс-депутат Тәңірберген Бердіоңғаров Әлиді “Рымбаеваның баласы болғаны үшін алды” деп сынға алған болатын.
“Мен тағы видеоүндеу түсіруді ойладым, бірақ сериал болып кететінін біліп, ол райымнан қайттым. Жақында отандық youtube арнаға сұқбат беріп, сол жерде ойымды толық айттым. Енді қайтып қозғамауларыңды өтінемін. Қоңырау мен ұсыныс өте көп. Сондықтан аз уақытқа барлық желіден үзіліс алдым. Одан кейін бұл оқиға менің денсаулығыма әсер етіп, қызуым көтеріліп, ауырып қалдым. Әлі де аурудан құлан-таза айыққан жоқпын. Соның кесірінен үш келі салмақ тастадым. “Ұрысты тек қарттар бастайды” деген сөз рас екен”, – дейді әнші.
Сондай-ақ алдағы жоспарын да айтып өтті.
“Осы оқиға маған және менің жақындарыма қатты соққы болды. Сол үшін шетелге демалуға кетіп барамын. Қай жаққа баратынымды да шешіп қойдым. Әсіресе Зейінге пайдасы тиері анық. Балалар демалыста тез өсіп, дәрумендер ішеді. Үлкендерге демалыстың пайдасы – ойлануға мүмкіндік бар. Бірақ ештеңе ойламаған дұрыс. Маған жанашыр болған барлық жақыныма мың алғыс!”, – деп сөзін аяқтады.