Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Қатты үрейленіп қалды”: Алматыда жер сілкінісінен кейін үй бағасы түсе ме?

фото: vlast.kz

“Қатты үрейленіп қалды”: Алматыда жер сілкінісінен кейін үй бағасы түсе ме?

29.01.2024
Жаңалықтар
185
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматыда пәтердің шаршы метрі 700 мыңға дейін арзандауы мүмкін. Мұндай болжамды риелторлар айтып отыр, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің 14-қабатында тұратын Тәуке хан Бақытжанұлы жары екеуі жер дүмпуі кезінде пәтерде болған. “Жоғарғы қабаттан жердің қозғалғанын қатты сездік” деген ол сол түні жеке үйдің жарнамасын қарай бастаған. Алайда аяқасты ауыс-түйіске дайын болмағандықтан 14-қабаттан 4-қабатқа көшуге мәжбүр болған.

“Жоғарғы қабат болған соң жер сілкінгені қаттырақ сезіледі. Жел соққанда желбіреген жапырақ сияқты болдық. Сондықтан сол түні жаңа пәтер қарадық, – деді қала тұрғыны Тәуке хан Әріпхан.

“Көшуге келісімшарт жасап, жер үйден жай табамыз” деген тұрғындардың тағы біразы ескі үйді алуға дайын болған. Алып-сатумен айналысатын мамандарға кірпіш үйге көп сұраныс түскен.

“Көп адам жер сілкінісінен соң, қатты үрейленіп қалды. 14-қабатта тұратын жас отбасы 2-3-қабаттан пәтер сұрады. Ал пәтер арзандайды. Жоғарғы қабаттағы пәтердің шаршы метрі 700-800 мың теңге түсуі мүмкін”, – деді риэлтор Ерболат Досалиев.

Тұрғын үйлердегі пәтер құнының төмендеуі уақытша болуы да мүмкін Оны мамандар психологиядағы эйфория түсінігімен байланыстырады. Яғни, зілзаладан секем алған сәтте шыққан шешім болуы мүмкін. Бірақ алматылықтарға жақсы таныс пәтер алып-сату платформасындағы жарнамалардың бірінде құны 65 миллион теңге болатын пәтердің қожайыны жер үйге ауысуға қарсы емес екенін көрсеткен. Ал 52 миллион теңгеге бағаланған үш бөлмелі баспананың иесі нақты тұрғысы келетін қала сыртындағы аумақтың мекенжайын жазып қойған. Демек, жер үйге деген сұраныстың бары анық.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Еске сала кетейік, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы – 6,7. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйккес, алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ.

Тег: алматыбағаЖер сілкінісіпәтертұрғын үй

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Әлемге танымал бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстанға көшіп келді

Әлемге танымал бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстанға көшіп келді

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz