Қазақстан суперкомпьютер жасау үшін ірі америкалық компанияларды тарту бойынша қазіргі уақытта, министрліктің айтуынша, компаниялармен «бастапқы кезеңде» келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Kaskelen.kz
«Министрлік Microsoft, Google, Amazon сияқты ірі компанияларды Қазақстандағы
деректерді өңдеу орталықтары мен суперкомпьютерлердің жобаларына тарту әлеуетін
зерделеу бойынша іс-шаралар жүргізуде.
«Атап айтқанда, бастапқы кезеңде бірқатар
компаниялармен келіссөздер жүргізілуде».
Тиісті ведомство Қазақстанда суперкомпьютер құру республиканың жасанды интеллектті
дамытудағы Орталық Азиядағы көшбасшылығын айқындап, көршілес елдерге есептеу
қуатын жалға алуға мүмкіндік береді деп есептейді.