Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстан мен ТМД елдерінде таксистер қанша табыс табады?

фото: pixabay.com

Қазақстан мен ТМД елдерінде таксистер қанша табыс табады?

21.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
43
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ақылы қызметтердің бағасы биыл ақпанда 2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда 12,8% өсті, оның ішінде такси қызметтерінің құны 12,3% көтерілген, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Ұлттық статистикалық бюро деректеріне сәйкес, 2020 жылдан бастап такси қызметін пайдаланушылардың тұрақты өсу динамикасы жүріп жатыр, ол 2020 жылы 1,314 млн адамнан 2022 жылы 3,339 млн адамға дейін өскен.

«Бұл ретте Қазақстанда таксопарктер табысының күрт қысқарғаны байқалады, олар 2021 жылы 7 есеге жуық өсім көрсеткен еді (кіріс 1,825 млрд теңгеден 12,429 млрд теңгеге дейін өсті). Алайда, 2022 жылы кіріс 2,5 есе төмендеді (12,429 млрд теңгеден 4,871 млрд теңгеге дейін). Өңірлік бөліністе Қарағанды (+10,4%), Атырау (+7,3%), Абай (+7%), Ақмола (+6,4%) және Павлодар облыстарының (+5,9%) тұрғындары такси бағасының өскенін қатты сезінді. Ең төменгі жылдық өсім СҚО (барлығы +0,3%), Қостанай (+1,2%) және Қызылорда облысында (+1,7%) тіркелді», — дейді Ерлан Кәрімов.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Оның сөзіне, сегіз облыста (Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Түркістан; Жамбыл, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстары) бағалар бір жыл бұрынғыдай деңгейде қалды.

NUMBEO интернет-порталының деректері бойынша, Қазақстанда ТМД елдері арасында ең қымбат такси қызметтерінің бірі (таксидің бастапқы құны — 1,79 АҚШ доллары немесе 800 теңге, ал жолдың бір километріне — кемінде 0,42 АҚШ доллары немесе 200 теңгеге жуық төлеу қажет).

Осы орайда Globalpetrolprices мәліметінше, Қазақстанда талданатын ТМД елдері арасында АИ-95 маркалы бензиннің ең төмен бағасы тіркелді, ол бір литрге — 0,545 АҚШ доллары немесе 250 теңге.

«Егер талданып отырған ТМД елдерінде такси қызметтері үшін бірдей машина жұмыс істейді деп есептесек (мысалы, 2023 жылғы Hyundai Accent, қозғалтқыш көлемі 1,6 текше метр және отын шығыны қалалық режимде 100 км-ге 8,9 литр), Қазақстанда такси жүргізушісі 100 км жолға 37 АҚШ долларынан астам ақша табады. Осылайша, Қазақстан такси қызметтерінің табысы бойынша ТМД елдерінің үздік үштігіне кіреді деп айтуға болады (Әзербайжаннан кейін — 53,77 АҚШ доллары және Ресейден кейін — 100 км жолға 37,76 АҚШ доллары)», — дейді орталық директоры.

Алайда көліктің бағасын да ескеру қажет, ол айтарлықтай ерекшеленеді.

Мысалы, 2023 жылғы Hyundai Accent бағасы Қазақстанда — 9,9 млн теңгені, Әзербайжанда — 8,4 млн теңге, ал Ресейде — 8,1 млн теңге.

Тег: ақшатабыстакси

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Елімізде қанша адам мүгедектігі үшін жәрдемақы алады?

Елімізде қанша адам мүгедектігі үшін жәрдемақы алады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz