Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде қанша адам мүгедектігі үшін жәрдемақы алады?

фото: pixabay.com

Елімізде қанша адам мүгедектігі үшін жәрдемақы алады?

24.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
47
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 255,5 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға шамамен 33,5 млрд теңге әлеуметтік төлем жасалды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны — шамамен 541,8 мың, асыраушысынан айырылғандар — шамамен 198,2 мың адам.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектіктің тобына және себебіне, сонымен қатар тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025
Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Бұдан бөлек, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тен әлеуметтік төлем жасалады.

Мысалы, 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 93,7 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылып, ал 62,8 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алды.

Төлем мөлшері мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ке әлеуметтік аударым жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілетінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адам саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.

Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 7% өсті.

ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілетінен және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-тен төленетін төлем мөлшері де 7% артты.

Мысалы, осы жылы жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1 топ үшін — 95 496 теңге, 2 топ үшін — 76 397 теңге, 3 топ үшін — 52 089 теңге.

1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері — 57 090 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша — 58 738 теңге.

Тег: жәрдемақымүгедек

Ұқсас материалдар

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025

Көлікке құйылған жанармай сапасыз болып шықса, бұл үшін кім жауапты? Неліктен танымал жанармай құю бекеттерінен отын алғаннан кейін көлік «салдырлап»...

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Қазақстанда білім беру саласындағы орташа жалақы 302 428 теңге болды. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Мәселен, 2025...

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

22.05.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несиелерге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыда күшейтуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізді, деп...

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

22.05.2025

Қазақстандықтар енді Отбасы банкіндегі несиесін мерзімінен бұрын жауып, бірден жаңа баспанаға ипотека рәсімдей алмайды. Енді олар қайтадан депозит ашып, кем...

Келесі
Бір жыл ішінде қанша бала терезеден құлап кеткен?

Бір жыл ішінде қанша бала терезеден құлап кеткен?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz