Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстан жайылымдарының жағдайы қандай?

фото: pixabay.com

Қазақстан жайылымдарының жағдайы қандай?

11.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Әлемдік рейтингте Қазақстан ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі бойынша 6-орында тұр. Алайда бірнеше фактор біздің елімізге ауыл шаруашылығы өнімділігі мен азық-түлік қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша көшбасшы болуға мүмкіндік бермейді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«Қазақстан ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ жүргізетін ғарыштық мониторингке сәйкес, 2023 жылы Қазақстанның барлық жайылым жерлерінің 87,2%-ы нашар және өте нашар жағдайда болған немесе ешқандай өсімдік болмаған. 80,8 млн гектардың ішінде мұндай жерлердің ауданы 70,5 млн гектарға жеткен. Қанағаттанарлық жағдайдағы жайылымдар үлесі небәрі 10,2%, жақсы жағдайда – 2,1%, үздік жағдайда – 0,5%. Бұл есептеулер ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің эксперименттік статистика деректері негізінде жасалған.

Жайылымдық жерлердің сапасына қатысты қанағаттанарлықсыз жағдай ел аумағының басым бөлігінде жиі кездеседі. Өткен жылы 17 облыстың 15-інде өсімдік жамылғысы жоқ немесе жағдайы нашар жайылымдар үлесі 80%-дан жоғары болған. Ең нашар жағдай Маңғыстау облысында, мұндағы тақыр жайылымдар осы санаттағы барлық ауылшаруашылық жерлерінің 99,4%-ын құрайды. Ең нашар көрсеткіштері бар аутсайдерлер бестігінде Атырау (98,1%), Ұлытау (97,4%), Жамбыл (95,7%) және Түркістан (93,6%) облыстары бар. Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстары керісінше, жайылымға ең бай өңірлер атанды. Мұнда теріс көрсеткіштер басқа аумақтарға қарағанда төмен – 57,4% және 72,2%.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

«Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы кеңесшісі Төлеутай Рахымбеков БАҚ-қа берген сұхбатында көптеген өңірлерде қазақстандықтар жайылым болмауына байланысты мал ұстай алмайтынын атап өтті. Жердің тозуы мен шабындықтардың төмен өнімділігі климаттың өзгеруіне тікелей байланысты. Алдағы жылдары жағдай нашарлауы мүмкін.

«Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметінше, Қазақстан аумағындағы климаттың өзгеру процесі алдағы 20-30 жылда күшейе түседі. Қазақстанда қатты құрғақшылық жиі болып, жердің тозуына, шөлейттенуіне ықпал етеді деп болжанады. Қазірдің өзінде Қазақстан жерінің шамамен 70%-ына құрғақшылық қаупі төніп отыр, ел халқының төрттен бір бөлігі тозған жерлерде тұрады. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай елімізде жайылымдардың өткізу қабілеті 10%-ға төмендейді», – деді Төлеутай Рахымбеков.

Тег: жайылыммал

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Халықтың қанша пайызында несие бар?

Халықтың қанша пайызында несие бар?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz