Ұлттық экономика министрлігі ауылдық елді мекендердің әлеуетін анықтау критерийлерін әзірледі, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Ауыл болашағының басты өлшемдерінің бірі оның демографиялық жағдайы болып табылады: тұрғындар саны және жастардың пайызы (кемінде 30%).
Мәселен, тұрғындардың орташа саны 2800 адам (+–), халқы тығыз – 7600 адам ( + – ) ауылдары орташа елді мекендерге жатқызылды .
Сондай-ақ, ауылдың келешегіне көші-қон процестері (көші-қон, халық ағыны) әсер етеді.
Бұдан басқа, елді мекендердің перспективалық өлшемдеріне мыналар жатады:
- инфрақұрылымдық блок: орталықтандырылған сумен жабдықтау бар ма;
- жергілікті, облыстық және республикалық автожолдардың болуы;
- балабақшалар мен мектептер; медициналық мекемелер, интернет және мобильді байланыс;
- экономикалық блок: жұмыспен қамту деңгейі;
- жалпы қосылған құн; геокеңістіктік блок: туристік және экологиялық аймақтар;
шекаралас ауылдық елді мекендер.
ҰЭМ түсіндіргендей, бұл құжат олардың әлеуметтік–экономикалық даму әлеуетін есептеуге жататын ауылдық елді мекендерді анықтау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру үшін негіз болады.
Бұйрықтың жобасы 23 шілдеге дейін жария талқылау үшін “Ашық НҚА“ сайтында орналастырылған.