Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда байланыс операторларына тергеу басталды

фото: ашық дереккөз

Қазақстанда байланыс операторларына тергеу басталды

27.12.2023
Жаңалықтар
305
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Kcell, Tele 2 және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталғанын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz.

“Кәсіпкерлік кодекстің 199-бабының 3-тармағын ескере отырып, бір күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілерін қайта анықталуына байланысты Агенттік Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша қазіргі уақытта “Кселл” АҚ, “МТ–С” ЖШС (Tele2/Altel) және “Кар-Тел” ЖШС (Beeline) ұялы операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастады”, – делінген сәрсенбіде тараған ақпаратта.

Қазақстандықтар байланыс бағасының қымбаттауына шағымдана бастаған. Агенттік дерегі бойынша, 2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7% – дан 57,3% – ға дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталған.

“Осылайша, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ғана ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпаратты жариялап, ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан астам тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтерген”, – дейді агенттік.

Осыған дейін Агенттік ұялы байланыс операторларының бір минуттық сөйлесулердегі қоңыраулардың құнын және тарифтік жоспарлардағы бір SMS-ті белгілеу жөніндегі әрекеттерінде (көрсетілген қызметтердің бір бірлікке тарифтелуі көзделген) бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдардың белгілерін (Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы) анықтаған еді. Ұялы операторлар хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, Агенттік тергеп-тексеру жүргізу туралы да шешім шығарады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025
Тег: activbeelinekcelltele2байланыс операторытарифтелефон

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
“Жұмыстан қуылып кететін едім”: Дина Төлепберген президент кешенінде жұмыс істеген кезін еске алды (видео)

"Жұмыстан қуылып кететін едім": Дина Төлепберген президент кешенінде жұмыс істеген кезін еске алды (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz