Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде кәсіпкерлер үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

фото: pixabay.com

Елімізде кәсіпкерлер үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

21.06.2024
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда бизнес субьектілері үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді. 1 сәуірден бастап үнемдеу 1,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері жақында (2024 жылғы 1 сәуірден бастап) электр энергиясымен жабдықтау қызметтеріне реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензияларының қолданылуын тоқтата тұрғаннан кейін мүмкін болды.

«Бүгінде тұтынушылардың кепілдік беріп жеткізушілерге көшу процесі жүріп жатыр. Бұл кепілдік беріп жеткізуші көрсететін қызметтер көлемінің ұлғаюына, сәйкесінше еліміздің 13 өңірінде тарифтердің төмендеуіне ықпал етті», — делінген хабарламада.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Атқарылған іс-шаралардың арқасында 129 060 шағын және орта бизнес субъектілерінің үнемдеуі айына 1,7 млрд теңгеден астам соманы құрады.

«Өңірлердегі тарифтердің айырмашылығы электрмен жабдықтаудағы әртүрлі схеманың болуымен және Бірыңғай сатып алушының сату бағасы мен сатып алынған электр энергиясына, электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығына, энергия беруші және өткізу ұйымдарының тарифтеріне, жеткізілетін электр энергиясының көлеміне және басқа да тариф құрылымына байланысты түсіндіріледі», — деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Тұтынушыларға арналған тарифтердің деңгейі де дифференциацияға байланысты. Осы орайда, еліміздің өңірлеріндегі тұрғындар үшін тарифтер деңгейі өзіндік құннан төмен болып белгіленді.

Жүргізілген жұмыстың нәтижелері ШОБ субъектілерін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу кезінде қолдауға мүмкіндік береді. Бұл шағын және орта бизнес субъектілерінің тауарлар мен қызметтерді өткізу кезіндегі шығындарын төмендетуде халыққа жанама оң әсерін тигізді.

Анықтама:

  • 2024 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында — 1,2%-ға «Алматыэнергосбыт» ЖШС;
  • 2024 жылғы 1 мамырдан бастап Түркістан облысы мен Шымкент қаласында — 12,4%-ға «Энергопоток» ЖШС;
  • 2024 жылғы 5 мамырдан бастап Қарағанды облысында — 14,55%-ға «КарагандаЖылуСбыт» ЖШС;
  • 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Астана қаласында — 18%-ға «Астанаэнергосбыт» ЖШС;
  • 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Ақмола облысында — 4,6%-ға «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС;
  • 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Қарағанды облысында — 10%-ға «Энергоуголь ХХІ» ЖШС;
  • 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Қарағанды облысында — 10%-ға «Расчетный сервисный центр» ЖШС;
  • 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Солтүстік Қазақстан облысында — 7,14%-ға «СевКазЭнергосбыт» ЖШС;
  • 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Жетісу облысында — 16,2%-ға «ЖетысуЭнергоТрейд» ЖШС;
  • 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Ақтөбе облысында — 4,5%-ға «Актобеэнергоснаб» ЖШС;
  • 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысында — 5,1%-ға «Экибастузэнерго» ЖШС;
  • 2024 жылғы 10 маусымнан бастап Қостанай облысында — 17%-ға «Рудненская Энерго Компания» ЖШС;
  • 2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қостанай облысында — 5%-ға «Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС.
Тег: тарифтөлемэлектр энергиясы

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Орта Азияның қай елдерінде ауа сапасы жоғары деңгейде ластанған?

Орта Азияның қай елдерінде ауа сапасы жоғары деңгейде ластанған?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz