Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда несие берудің жаңа ережелері қашан енгізіледі?

фото: pixabay.com

Қазақстанда несие берудің жаңа ережелері қашан енгізіледі?

25.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова тұтынушылық несиелер үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қашан және қандай мөлшерде белгілеуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Агенттік басшысы 19 маусым күні Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғанын атап өтті.

«Заң қабылданғаннан кейін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді екі ай ішінде әзірлеп үлгеруіміз керек. Қазір Ұлттық банкпен бірлесіп жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі бойынша түзетулерді реттеп жатырмыз, алдағы екі аптада толық аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Пайыздық мөлшерлеме банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін екі түрлі болуы мүмкін. Агенттікке онлайн несие беретін ұйымдар өз тәуекелдерін айтып, пайыздың жоғары болғанын сұрап отыр», – дейді ол.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың сөзінше, екі аптадан кейін кредиттердің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі белгілі болады. Оның айтуынша, қазіргідей 56 пайыз емес, жаңа жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 44 процент болуы мүмкін.

Банктердің кепілсіз беретін тұтынушылық несие сомасы да өзгеруі мүмкін. Яғни, кредит көлемі – 8 миллион 122 мың теңгеден аспауы ықтимал. Ал шағын кредиттік ұйымдар үшін қарыздың шегі – 4 миллион 61 мың теңгеден көп болмауы тиіс. Бұл жыл сайын өзгеретін айлық есептік көрсеткішке тікелей байланысты.

Тег: банкнесие

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Алматы кәсіпкерлері жыл басынан бері қанша теңге салық төлеген?

Алматы кәсіпкерлері жыл басынан бері қанша теңге салық төлеген?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz