Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда өндірістен қалған күл неге өңделмейді?

фото: pixabay.com

Қазақстанда өндірістен қалған күл неге өңделмейді?

26.03.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елімізде өндірістен қалған күл неге өңделмейтінін айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

— Қазақстанда күлді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар аз. Өңдеуді ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар немесе экономикалық ынталандырулар жоқ. Күлді тиімді пайдалану үшін жинау және логистика жүйесі де жоқ.
Құрғақ күлді жою үшін модернизацияға инвестиция және күлдің үлкен көлемін өңдеуге дайын тиімді тұтынушы қажет. Өнеркәсіп тарапынан сұраныс болмаса, мұндай технологияларды енгізу тиімсіз болып қала береді, — деді министр.

Оның айтуынша, мұнай қалдықтарын өңдеу жұмыстары да кейінгі
жылдың көлемінде артқан.

— «Қаражанбасмұнай», «ӨзенМұнайГаз», «МаңғыстауМұнайГаз» және «ЕмбіМұнайГаз» компанияларының нысандарында тарихи мұнай қалдықтарын кәдеге жарату және ластанған жерлерді тазарту жұмыстарын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жүргізуде. 2018 — 2024 жылдар аралығында шамамен 4,5 млн. тонна тарихи мұнай қалдықтары өңделді, оның 1 млн. тоннаға жуығы 2024 жылы өңделді. Қалдықтардың көлемін азайту, қайта өңдеу деңгейін арттыру және қоршаған ортаға әсерін барынша азайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру жалғасуда, — деді Ерлан Ақкенженов.

Сонымен қатар, бүгінгі отырыста Премьер-министр Олжас Бектенов Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қоқыс полигондарын салу бағдарламасын баяу іске асырып жатқанын айтып, сынады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

15.07.2025
Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

12.07.2025

 

Тег: күлөндіріс

Ұқсас материалдар

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

15.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанның мемлекеттік борышы 40 миллиард теңгеге артып, 31,9 триллион теңгені құрады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди...

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

12.07.2025

Алматы қаласының Қала құрылысы бақылау басқармасы сатып алуға ұсынылмайтын 28 тұрғын үй кешенінен тұратын арнайы тізімді жариялады. Тізімге түрлі аудандарда...

Қазақстанда ондаған телеарна мен радиостанция уақытша жұмысын тоқтатады

Қазақстанда ондаған телеарна мен радиостанция уақытша жұмысын тоқтатады

12.07.2025

«Қазтелерадио» АҚ Көктөбе телемұнарасында жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді. Осыған байланысты 15–18 шілде аралығында бірқатар телеарна мен радиостанцияның қызметі...

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Келесі
Заманауи дертке айналған депрессияны қалай жеңуге болады?

Заманауи дертке айналған депрессияны қалай жеңуге болады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz