Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда ұн өнімдері қымбаттайды ма?

фото: pixabay.com

Қазақстанда ұн өнімдері қымбаттайды ма?

01.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
7
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ашық НҚА порталында бидай импортына толық тыйым салу туралы бұйрығының жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Бұл жаңалықты естіген ұн тартатын диірменшілер қатты алаңдаулы. Себебі осы бұйрық күшіне енсе, олардың өнімі қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Қостанай облысында жылына 4-6 млн тоннадай жиналатын астықтың біраз бөлігі шетелдерге сатылады. Бидайды өнделмеген күйі трейдерлер экспортқа шығарса, диірмендер ұн тартып ішкі нарыққа және Орталық Азия елдеріне тасымалдайды.

Биыл Тобыл өңіріндегі ірі ұн диірмендері астық экспортын 50-60 пайызға азайтып алған. Өйткені бәсекелестік ортада отандық астықтың бағасы әлдеқайда қымбат. Мысалы ресейлік ұнның бағасы отандық өнімнен тоннасына 50 долларға арзан.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда балалар футболының даму деңгейі қандай?

Қазақстанда балалар футболының даму деңгейі қандай?

24.06.2025
Азық-түліктің қай түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек?

Азық-түліктің қай түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек?

24.06.2025

“Санкциялардан кейін Ресей бидай ұнын Өзбекстан, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан нарығына тікелей шығаруды күшейтті. Олардың ұнының тасымал шығынын қосып есептегенде бір тоннасы 230-250 доллар шамасында. Ал біздің бидайдан тартылған ұнның бір тоннасы жол шығынымен 280-300 доллар, яғни 50 долларға қымбат. Сондықтан Орталық Азия елдерінде біздің отандық өнімге сұраныс азайып кетті. Алайда ресейлік астыққа қарағанда қазақстандық өнімнің сапасы жоғары саналады. Сондықтан шетелдерде отандық өнімді сұратып алушылар бар. Ал бағасын сәл де болса арзандатып сату үшін ресейлік ұнды араластырамыз”, – дейді ұн тарту кәсіпорынының директоры Қуан Есқайыров.

Қазіргі таңда жергілікті үшінші сұрыпты бидайдың тоннасы 100-110 мың теңге шамасында. Бидай жинау науқаны басталарға таман сәл арзандаған. Ал ресейлік бидайдың құны рубльдің қымбаттауына орай 8-11 мың теңгеге өскен. Соның өзінде Қостанайға дейін жеткізіп беру шығынын қосып есептегенде тоннасы 98 мың теңге.

“Жергілікті шаруа қожалықтары бидайды қымбат бағаға сатқысы келеді. Олардан қымбатқа алсақ, ұнды да қымбатқа сатуымыз керек. Бірақ қай нарықта болмасын тұтынушы алдымен бағасына қарайды. Сондықтан Ресей мемлекетінен арзан астықты алдыртып, араластыруға мәжбүрміз. Бұл бір жағынан ел халқы үшін де пайдалы, ұнды сәл де болса арзандау бағаға сатып алады”, – дейді ұн тарту кәсіпорынының директоры Қуан Есқайыров.

Алайда осы Ресейден арзан бидай тасымалдауға қарсы тарап диқандар мен трейдерлерге қырғи қабақ танытып жүр. Себебі ішкі нарықта астықтың бағасын түсіріп, сұранысты азайтқан. Биыл сәуірден бастап Қазақстан Республикасы аумағына құс және ұн тарту кәсіпорындарына темір жол көлігімен бидай әкелуді қоспағанда, автомобиль, су және темір жол көліктерімен бидай әкелуге тыйым салынған болатын. Бірақ соған қарамастан Ресейден астық тасымалдау көбейе түспесе азаймады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің портал тілшісіне берген мәліметінше, 5 айдағы статистика деректері бойынша 2024 жылы Ресей Федерациясынан 1,1 млн тонна бидай импортталған. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға көп.

Осылайша енгізілген шектеу шараларына қарамастан, биыл бірінші жартыжылдықта Ресей Федерациясынан бидай импорты 1 миллион тоннадан асты. Сонымен қатар статистика деректеріне сүйенсек, биылғы жылдың 1 шілдесіне республика бойынша шамамен 6,1 млн тонна астық қоры бар, оның ішінде бидай – 5,1 млн.тонна, оның ішіндегі азық–түлік мақсатындағы бидай – 4 млн тонна. Сондай-ақ қабылданған шаралар мен қолайлы ауа-райының арқасында дәнді дақылдардың жақсы өнімі болжанып отыр”, – деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарламасында.

Отандық өнім өндірушілерді қолдау үшін ресейлік арзан астықты елге кіргізуден толық бас тарту туралы бұйрықтың жобасын Ауыл шаруашылығы министрілігі 15 тамызға дейін қоғам талқылауына жолдаған.

Тег: бағаұн өнімдері

Ұқсас материалдар

Қазақстанда балалар футболының даму деңгейі қандай?

Қазақстанда балалар футболының даму деңгейі қандай?

24.06.2025

19 маусым – Дүниежүзілік балалар футболы күні. Бұл мереке 2001 жылдан бері FIFA мен БҰҰ Балалар қорының бастамасымен атап өтіледі....

Азық-түліктің қай түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек?

Азық-түліктің қай түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек?

24.06.2025

Сауда және интеграция министрлігі күнбағыс майы, ұн, тауық жұмыртқасы, арақ және тағы бірнеше өнімге бағаның ең төменгі деңгейін (БТД) енгізу...

Қазақстандық банктер мемлекетке қаншалықты қарыз?

Қазақстандық банктер мемлекетке қаншалықты қарыз?

24.06.2025

2023 жылдан 2025 жылдың мамырына дейін Қазақстандағы төрт екінші деңгейлі банк мемлекеттен алған 409,6 млрд теңге көлеміндегі қолдау қаражатын мерзімінен...

Қазақстанда жыл сайын инсульттан қанша адам қайтыс болады?

Қазақстанда жыл сайын инсульттан қанша адам қайтыс болады?

24.06.2025

Қазақстанда инсультке шалдыққандар саны артып барады, әсіресе бұл ауыр дерт жастар арасында жиілей түскен. Дәрігерлер бұған энергетикалық сусындарға тәуелділік пен...

Келесі
Алматы аулаларындағы шлагбаумдарға тыйым салынған ба?

Алматы аулаларындағы шлагбаумдарға тыйым салынған ба?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz