Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандықтар өмірінің қанша уақытын жолда өткізеді?

фото: pixabay.com

Қазақстандықтар өмірінің қанша уақытын жолда өткізеді?

19.02.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

2025 жылы Қазақстан жолда жүру бойынша Numbeo рейтингінде 89 елдің арасында 47-орынға тұрақтады. Біздің елдің индексі — 134,9 балл, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

Рейтинг елдерді бірнеше көрсеткіш бойынша салыстырған:

  • Уақыт индексі, яғни адамдар орташа есеппен бір нүктеге жетуге немесе бір нүктеден келуге қанша уақыт жұмсайды;
  • CO₂ шығарындыларының индексі, яғни бір сапар барысында қалдықтың көлемі;
  • Тиімділік индексі, яғни көлік жүйесінің тиімділігін бағалау. Тұрғындар қоғамдық көліктен гөрі жеке көлікті таңдайды немесе жолға тым көп уақыт жұмсауға мәжбүр.

Жолда ең көп уақыт өткізетін елдер рейтингінде Қазақстан 41-ші орынды иеленді. Қазақстан бойынша сапардың орташа ұзақтығы 35,5 минутты құрайды. ТМД елдерінің ішінде ресей (43,3 минут), Әзірбайжан (40,6 минут) және Украина (37,9 минут) тұрғындары межелі жерге ұзағырақ жетеді. Армения (29,3 минут) және Беларусь (31,2 минут) тұрғындары жолда аз уақыт өткізеді.

Сізге ұнауы мүмкін

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025
Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Әлемде Нигерия халқы (65,3 минут) жолда көп уақыт өткізеді, ал Исландия халқы межелі жерге тезірек жетеді (21,4 минут).

Жолдағы CO₂ шығарындыларының деңгейі бойынша Қазақстан әлемдегі 89-дан 47-ші орынды иеленді. Елдің бір жеріне бару үшін 3,9 килограмм көмірқышқыл газы қажет.  Ең жоғары көрсеткіштер Коста-рика мен Оңтүстік Африкада (әрқайсысы 9,5 кг), сондай-ақ Ливанда (9,3 кг) тіркелді. Шығарындылардың ең төменгі деңгейі Албанияда (1,5 кг), Финляндияда (1,6 кг) және Австрияда (1,6 кг) байқалды.

ТМД елдерінің ішінде көліктен ауаның ең көп ластануы Әзірбайжан мен Ресейде (әрқайсысы 4,2 кг), сонымен қатар Украинада (3,9 кг) байқалады. Ең төменгі көрсеткіш Арменияда (2,7 кг) және Беларуссияда (3,3 кг) тіркелді.

Өткен жылы Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға 52,8 млрд теңге инвестицияланды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 74,9%-ға аз.

Өңірлердегі ең ірі инвестициялар Павлодар облысында 15,3 млрд. теңгеге, одан кейін Қарағанды (12,9 млрд.теңге) және Атырау (7,3 млрд. теңге).

Қаржыландырудың негізгі көзі, яғни 93,8% кәсіпорындардың жеке меншігінен алынады. Банк несиелерінің көлемі 1,6 млрд.теңгені құрады.

Айта кету керек, қазір елімізде ақылы негізде 3,6 мың шақырым жол жұмыс істейді. Ал жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 4 мың шақырымға дейін артады.

Тег: кептелісҚазақстанрейтинг

Ұқсас материалдар

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Атом энергетикасы тақырыбына қатысты сұрақтар қоғамда үлкен қызығушылық пен алаңдаушылық тудырады. Әсіресе атом электр стансасынан (АЭС) шығатын радиоактивті қалдықтардың қауіпсіз...

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

08.07.2025

Қазақстанда салық міндеттемелерін орындамаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Уақытында төленбеген салық үшін өсімпұл есептеледі, банк шоты бұғатталып, тіпті қылмыстық жауапкершілікке...

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

08.07.2025

Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының төл өнерін ұлықтайтын ерекше мереке. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі Қазақстанда ресми түрде...

Келесі
Елімізде жемқорлардан тәркіленген қаржыға қанша мектеп салынады?

Елімізде жемқорлардан тәркіленген қаржыға қанша мектеп салынады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz