Қазақстандықтар жылына орта есеппен 1 млн 260 мың тоннадай ет тұтынады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
– Ресми статистика деректеріне сәйкес, соңғы үш жылда ет түрлері бойынша жылдық тұтыну көлемі мынандай: Сиыр еті – шамамен 445,6 мың тонна (2022 ж. – 521,6 мың т, 2023 ж. – 395,7 мың т, 2024 ж. – 419,6 мың т); Қой еті – шамамен 129,9 мың тонна (2022 ж. – 145,3 мың т, 2023 ж. – 129,2 мың т, 2024 ж. – 115,2 мың т); Жылқы еті – шамамен 168,2 мың тонна (2022 ж. – 160,4 мың т, 2023 ж. – 170,3 мың т, 2024 ж. – 173,7 мың т); Шошқа еті – шамамен 68,7 мың тонна (2022 ж. – 86,1 мың т, 2023 ж. – 62,1 мың т, 2024 ж. – 57,8 мың т); Құс еті – шамамен 447,3 мың тонна (2022 ж. – 430,8 мың т, 2023 ж. – 460,1 мың т, 2024 ж. – 452,4 мың т).
Жалпы, ел тұрғындары жылына шамамен 1 260 мың тоннадай ет тұтынады, – делінген хабарламада.
Ал 2024 жылғы статистика бойынша ішкі нарықта жалпы мөлшері 1 234,8 мың тонна ет сатылған:
- сиыр еті – 419,6 мың тонна;
- жылқы еті – 173,7 мың тонна;
- қой мен ешкі еті – 131,3 мың тонна;
- шошқа еті – 57,8 мың тонна;
- құс еті – 452,4 мың тонна.
Оның 102 мыңдай тоннасы экспортқа жөнелтілді. Бұл мәліметтер еліміздегі ет өндірісі саласы ішкі сұранысты 90 пайызға жуық қамтитынын көрсетеді.
Елімізде өткен жылы 1 млн 235 мың тоннадай ет саудаға шығарылып, оның 102 мың тоннасы экспортталған.