Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандықтарға мемлекеттен 1,4 млн тг беріледі: Қайтарымсыз грант алудың шарттары қандай?

фото: pixabay.com

Қазақстандықтарға мемлекеттен 1,4 млн тг беріледі: Қайтарымсыз грант алудың шарттары қандай?

14.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
121
👁️
WhatsappTelegramFacebook

20 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін Business.enbek.kz порталында гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Республика бойынша бірінші лекте 4500 адамға грант беру жоспарланып отыр. Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі. Нысаналы мақсаты – жаңа бизнесті бастау және дамыту.

Грант көлемі 400 АЕК, яғни, 1 476 800 теңге. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін қажет:

  • Порталда тіркелу;
  • Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
  • Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
  • Өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімдік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет. Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • қолданыстағы “кандас” мәртебесі бар адамдар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар
  • аз қамтылған отбасы мүшелері;
  • көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы);
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткердің “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы керек. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту, өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін гранттар берудің бүкіл процесі электронды форматқа ауыстырылды. Грант алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – “Business.enbek.kz” порталы арқылы жүзеге асырылады.

Грантты қажет құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Осы орайда комиссияның әр мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылай өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.

Комиссия шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер банк деректемелерін ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді. Мұның бәрін Еңбек мобильділігі орталықтары мен оның филиалдарына (мансап орталықтарына) бармай-ақ, электронды форматта жасауға болады.

Тег: гранткәсіпкерсубсидия

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Жаңа ипотекалық бағдарламаларға сәйкес тұрғын үй бағасы көтеріле ме?

Жаңа ипотекалық бағдарламаларға сәйкес тұрғын үй бағасы көтеріле ме?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz