Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жаңа ипотекалық бағдарламаларға сәйкес тұрғын үй бағасы көтеріле ме?

фото: pixabaycom

Жаңа ипотекалық бағдарламаларға сәйкес тұрғын үй бағасы көтеріле ме?

14.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
27
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте “Отбасы банк” АҚ басқарушы директоры Жансұлтан Матай жаңа ипотекалық бағдарламаларға байланысты тұрғын үй бағасына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Әдетте бізде мұндай бағдарламалар іске қосылғанда баспана бағасы күрт көтеріледі. Осыған байланысты аталған бағдарлама есебінен нарықтағы  баға өсіп кетуі мүмкін бе деген журналист сауалына банк өкілі оған негіз жоқ екенін айтты.

Спикердің сөзінше, “Наурыз” бағдарламасы бойынша құрылыс компаниялары белгілеген тұрғын үй бағасын “Отбасы банкінің” мамандары тексереді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

“Өтініштерді қарау тәртібін түсіндірдік. Құрылыс компаниялары “Отау” және “Наурыз” бағдарламасы бойынша сатқысы келетін баспананың құнын бізге жібереді. Біздің мамандар олардың бағасының нарықтағы бағаға сәйкестігін тексереді. Ал егер олар ұсынған баға банк белгілеген бағадан жоғары болса, оларды қабылдай алмаймыз. Ал келіскен жағдайда порталға енгізіледі. Содан кейін құрылыс компаниясы жыл соңына дейін бағаны көтермеу туралы міндеттеме алады. Бұл – тұрғын үй нарығындағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу тетіктерінің бірі”, – деп түсіндірді ол.

Жансұлтан Матай Қазақстанда барлығы 360 мыңға жуық ипотекалық несие рәсімделгенін атап өтті.

Былтыр “Отбасы банк” небәрі 68 мың несие берген. Бұл жылдық қажет несиенің 18-20%-ына тең. Ал “Отау” бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін небәрі 8 мың несие беріледі деп болжанды, бұл бар болғаны 2%”, – деді ол.

“Отбасы банк” басқарушы директорының айтуы бойынша, мұндай пайыздық көрсеткішке қарап, жаңа ипотека бағдарламасы нарықтағы тұрғын үй бағасына айтарлықтай әсер етеді деуге негіз жоқ.

Тег: бағабағдарламаипотекатұрғын үй

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша?

Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz