Полицейлер Қазақстанға электромобильді кедендік алымдар мен салық төлемей әкелу жолдарын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Мой Город басылымына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметіне сәйкес қазақстандықтар бұл мүмкіндікті тек бір рет қолдана алады. Рәсімдеу үшін кеден бекетіне жүгініп, қажетті құжаттарды ұсыну керек.
Керек құжаттар тізімі:
– Жеке куәлік;
– Көліктің құжаты;
– Транспорттық құжаттар (CMR, ТТН, инвойс, транспорт құралының паспорты).
Сондай-ақ жолаушыға арналған кеден декларациясын толтыру қажет. Декларацияны рәсімдеу және тапсыру үшін төлем қажет емес. Алайда рәсімделген соң үш жыл ішінде көлікті Ресей азаматтарына және Ресей аумағында тұратын адамдарға беруге болмайды.