Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Көп азап шекті”: Нұрсұлтан Назарбаев інісінің ақтық сапары алдында сөз сөйледі

фото: ашық дереккөз

“Көп азап шекті”: Нұрсұлтан Назарбаев інісінің ақтық сапары алдында сөз сөйледі

14.11.2023
Жаңалықтар
905
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Болат Назарбаев Алматы облысындағы Шамалған ауылында жерленді. Жерлеуге Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министр Әлихан Смайылов қатысып, көпшілік алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Нұрсұлтан Назарбаев інісінің кең пейілді, ақкөңіл жан екенін атап өтті. Тұңғыш президенттің сөзінше, інісі соңғы екі жарым жыл ішінде өте қатты ауырған.

“Біз осы ауылда туып-өстік. Ол біздің үйдің кенжесі еді. Көп еңбек етті, мектепке, ауылға көмектесті, мешіт салды. Еңбек етіп, бала өсірді. Армансыз өмір сүрді деуге болады. Оның өмірі әлі алда болатын. Екі жарым жыл қатты ауырып, жүре алмайтын, сөйлей алмайтын, өз бетімен тамақ іше алмайтын хәлге жетті. Көп азап шекті. Қателік жібермейтін адам жоқ. Отбасымызға көңіл айтқандарға мың алғыс. Кешеден бері көптеген адамдармен сөйлестім, олар көп жақсылық жасады”, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жерлеу рәсімі алдында үкімет басшысы да сөз сөйлеп, марқұмның отбасына көңіл айтты. Алматы облысының наиб имамы дұға оқып, марқұмды жақсы сөзбен ақтық сапарға шығарып, қателіктерінің кешірілуін сұрады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Болат Назарбаевтың үйінде өткен жерлеу рәсіміне бірнеше мың адам келді. Сондай-ақ Ермұхамет Ертісбаев, Амандық Баталов, Нұртай Әбіқаев сынды саяси және қоғам қайраткерлері оны соңғы сапарға шығарып салды. Өнер адамдарынан Біржан Хасанғалиев болды.

Марқұм Назарбаевтар отбасының жақын туыстары жерленген зиратқа жерленді. Зиратқа баруға туыстарына ғана рұқсат етілді.

Тег: Басты жаңалықтарБолат Назарбаевқайтыс болдыНұрсұлтан Назарбаев

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Қырғызстанда сақалдылар мен бетін тұмшалайтындарға айыппұл салынбақ

Қырғызстанда сақалдылар мен бетін тұмшалайтындарға айыппұл салынбақ

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz