Бас прокуратура Костенко кенішіндегі жарылыстарға қатысты тергеу туралы айтып берді. Бұл істе 9 адам күдікті деп танылған, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Ведомствоның Telegram-арнасындағы мәліметіне сәйкес, Қарағанды қаласындағы ерекше балаларға арналған арнайы мекемеде 14 мүгедек баланың улану және Алматыдағы жатақханада 13 адамның өмірін қиған өрт жағдайлары тергелуде.
Сонымен қатар салдарынан 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы жарылыстарды тергеу аяқталу үстінде.
“Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті ретінде танылып, қамауға алынды”, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болып, салдарынан 46 кенші қаза тауып, 20-дан аса кенші зардап шекті. 2023 жылғы 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.