Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қытаймен визасыз режим қашан күшіне енетіні белгілі болды

фото: ашық дереккөз

Қытаймен визасыз режим қашан күшіне енетіні белгілі болды

20.10.2023
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылғы 10 қарашадан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Құжаттың қолданылу күні ҚР Сыртқы істер министрлігінде “Параграф” АЖ-ға берілген хатта аталған.

Келісімге Сианьда 2023 жылдың 17 мамырында қол қойылды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Құжат екі мемлекеттің азаматтарының жеке істерді, туризмді, емдеуді, халықаралық тасымалдарды, транзитті жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ екінші тарап мемлекетінің аумағы арқылы кіру, шығу, транзит үшін іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында визалық талаптардан босатылатынын көздейді. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 30 күн, 180 күнтізбелік күн ішінде жалпы 90 күнді құрайды.

Егер тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағы арқылы кіруге, шығуға немесе транзитпен жүруге ниет білдірсе, алайда сапардың мақсаттары немесе мерзімдері жоғарыда көзделгенге сәйкес келмесе, онда олар екінші тарап мемлекетінің аумағына кіргенге дейін тиісті виза алу үшін жүгінуге тиіс.

ҚР жарамды жол жүру құжаттары:

  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
  • Қазақстан Республикасына оралуға арналған куәлік.

ҚХР-ның жарамды жол жүру құжаттары:

  • ҚХР азаматының жартылай қызметтік паспорты;
  • ҚХР азаматының әдеттегі төлқұжаты;
  • ҚХР уақытша жол жүру құжаты.

Сондай-ақ, келісімде мемлекет азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағы арқылы екінші тарап мемлекетінің халықаралық жолаушылар қатынасы үшін ашық өткізу пункттері арқылы ғана кіріп, шыға алады немесе транзитпен жүре алады және келуге, кетуге және транзитке қатысты болу мемлекетінің заңнамасын сақтауға тиіс делінген.

Тег: визазаңҚазақстан-Қытай

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Таразда қыз алып қашқаны үшін қамалған жігіт көпбалалы әке екен

Таразда қыз алып қашқаны үшін қамалған жігіт көпбалалы әке екен

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz