Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Лицензиясыз пластикалық ота жасаған мекемеге заң қандай жаза тағайындайды?

фото: pixabay.com

Лицензиясыз пластикалық ота жасаған мекемеге заң қандай жаза тағайындайды?

19.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында  тиісті сертификаттар мен лицензиясыз пластикалық ота жасаған мекеменің заң алдындағы жазасы қандай болатынына түсінік берді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Жауапта Кәсіпкерлік туралы, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстер Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тұрғындардан пластикалық отамен байланысты шағым түссе, жоспардан тыс тексеру жүргізуге өкілет беретіні айтылған. Сонымен қатар оның аумақтық департаменттері медициналық қызмет көрсететін ұйымдарды мемлекет атынан бақылайды. Мұндай жоспардан тыс тексеру жүргізуге мыналар негіз болуы мүмкін:

  • адамның өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, зиян келтіру қаупінің нақты фактілері бойынша прокуратураның нұсқауы;
  • адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің нақты фактілері, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу туралы мемлекеттік органдардың өтініштері;
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының нұсқауы.

«Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша осы қызмет түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ адам заңсыз медициналық қызметті анықтаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 424-бабы бойынша әкімшілік шара қолданылады. Нақтырақ айтсақ, жеке тұлғаларға 5 АЕК (18 460 теңге -ред.) мөлшерінде, лауазымды адамдарға 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде, заңды тұлғаларға 20 АЕК-тен (73 840 теңге) 70 АЕК (258 440 теңге) мөлшеріне дейін айыппұл салуға әкеп соғады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бұл әрекет бiр жыл iшiнде қайталанса, жеке тұлғаларға денсаулық сақтау саласындағы маманның куәлiгiнен айыра отырып, лауазымды тұлғалар мен субъектiлерге 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табысы тәркіленіп, 65 АЕК-тен 700 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. Денсаулыққа орташа және ауыр дәрежедегі зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген», – деп жазылған министрлік жауабында.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025
Тег: заңбұзушылықлицензияпластикалық ота

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Елімізде қанша адам спортпен тұрақты түрде шұғылданады?

Елімізде қанша адам спортпен тұрақты түрде шұғылданады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz