Продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасылық құпиясымен бөлісті. Қайрат Нұртастың жұбайына қатысты көпшіліктің сауалына жауап берді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
Желі қолданушысының бірі продюсердің жазбасының астына “Гүлзира, барлығын желіге салып отырсыз. Тойды тамашаладық. Бірақ отбасы жайлы айтқанда, бәрі шынайы болуы керек сияқты. Неге үлкен құдаларыңыз бен үлкен келініңіз Жұлдыз жайлы айтпайсыз? Ол да бір отбасылық тәжірибе ғой. Айта отырыңыз”, – деп пікір қалдырған.
Ал Гүлзира Айдарбекова бәрі тек өзіне байланысты еместігін атап өтті.
“Неге оның бәріне ене кінәлі болуы керек? Екі ортада шыбын өледі демекші, бәрі тек маған байланысты бола берді ғой. Әр адамның өзі басы жеткенше істейді. Жоқ, әлде, “Гүлекең күн бермейді екен”, “Ауызын ашып ұрысыпты” дегенді естідіңіз бе?
Нұрекең маған бір-ақ айып тағады. Ол айыбым: келіндерге қатты жағдай жасап қоямын. Мүлде ұрыспаймын, қатты ұстамаймын. Түске дейін оятпаймын. Қонақ шақырып, шарқ ұрып жүргенімде еш мазасын алмай, қыдыруға жіберемін. Үйді тазалайтын мамандар шақырып, үйді жинатып, аспаз жұмсаймын. Міне, менің кінәм. Ал көз жеткізгіңіз келсе, сізді мазалаған болса, бізбен араласатын кез келген адамнан сұрай аласыз”, – деп жауап берді продюсер Instagram парақшасында.