Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Миллион теңге жалақы алу үшін қай салада қызмет ету керек?

фото: Shutterstock

Миллион теңге жалақы алу үшін қай салада қызмет ету керек?

23.02.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
105
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Барлығымыз жоғарғы жалақы мөлшерлемесі бар жұмыс орнында істегіміз келетіні өтірік емес. Дегенмен әртүрлі себептермен, күн көру үшін кез-келген еңбекке дайын боламыз. Кейбіреулер 300 мың мен 400 мың арасында тауып жатқан болса, ендігі біреулер 80 мың мен 150 мыңның арасындағы айлығымен отбасыларын асырап жүр. Алайда түбінде барлығымыз еңбегімізге сай еңбек ақысы берілетін жұмысты аңсаймыз. Сол себепті Қазақстанда жұмысшысының жалақысы 1 миллион теңгеден асатын қызмет салаларының тізімі жасалды. Finprom.kz порталының зерттеуінше, 2023 жыл қорытындысы бойынша мұндай алты саланы атауға болады. Олар:

  • Теңіз жүк тасымалы;
  • Қаржы және сақтандыру қызметі;
  • Міндетті әлеуметтік сақтандыру;
  • Әуе тасымалы;
  • Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру;
  • Бас компания жұмысы мен басқару бойынша кеңес беру.

2023 жылдың соңғы төрт айында міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы жалақы көлемі бірден 48,3 пайызға артып, 1,6 миллион теңгеге жеткен. Ал бұл мерзімдегі Қазақстан бойынша орташа жалақы көлемі 393,6 мың теңге шамасында болды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Бұған қоса жалақысы 3,5 миллион теңгеден асатын 10 лауазым да аталды. Олардың алтауы – басшылық лауазымдар. Көш басында саула компаниясының басқарма төрағасы тұр. Бұл қызмет иелерінің орташа жалақысы – 5,8 миллион теңге. Үздік үштікке, сонымен қатар инженерлер (5 млн теңге) мен мұнай саласындағы компанияның бас директоры (3,9 млн теңге) енген.

Ал ондықта мұнай-газ компаниясының корпоративтік хатшылары, аудармашылар, диспетчер-операторлар, маркетологтар, сауда агенттері және басқалар бар.

 

Тег: айлықақшажалақыжұмыс

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Зейнетақы жинақтарынан енді венчурлық қорларға қаржы құйылмақ. Ол қай тарапқа тиімді?

Зейнетақы жинақтарынан енді венчурлық қорларға қаржы құйылмақ. Ол қай тарапқа тиімді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz