Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Не себепті Қазпоштаның шығыны өсті?

фото: pixabay.com

Не себепті Қазпоштаның шығыны өсті?

13.09.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров еліміздегі пошта бөлімшелірінің проблемасын атады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«Көптеген шекаралас ауылдық елді мекендерде әлі күнге дейін ұялы байланыс, интернет және пошта желілерінің жоқтығы құпия емес. Осы аймақтарға зейнетақы жеткізіп, күнделікті түрде бұқаралық ақпарат құралдарын тасымалдап отыратын кәсіпорын – «Қазпошта».

«Қазпошта» алыс ауыл-аймақтағы азаматтарға банктің рөлін атқарып, зейнетақы жеткізіп, ақпарат құралдарын тарататын «өмір жолы». 2017 жылы белгіленген тарифтер «Қазпоштаның» шығындарын өтемейді. Қызметтің өзіндік құны 247,67 теңгені құрайды, ал мерзімді басылымдарды ауылдық жерлерге жеткізудің бекітілген тарифі – 17,6 теңге. 2022 жылдың қорытындысы бойынша шығындар 12,1 млрд теңгені, ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 12,3 млрд теңгені құраған. Ал субсидиялар қажетті 8 млрд теңгенің орнына тек 2,05 млрд теңгесін ғана жабады», – деді Е. Саиров Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған сауалында.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Оның сөзінше, жыл сайын ауылдарда «Қазпошта» бөлімшелері жабылып жатыр. 2022 жылы 33 филиалдың, ал 2023 жылы 13 филиалдың жұмысы тоқтады.

«Осы үрдісті жалғастыра отырып, 900-ге жуық бөлімше жабылуы мүмкін. Шекаралас елді мекендердегі «Қазпошта» бөлімшелерінің жабылуы мемлекеттік саясаттың осы өңірлерде әлсіреуіне әкелуі ықтимал. Елді мекендерде газеттер мен журналдардың болмауы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сияқты күрделі проблемалар болары анық. Шекаралық аудандардағы «Қазпоштаның» қызметі – Ұлттық Қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі», – деді депутат.

Сонымен қатар, ол «Қазпоштаға» қолданыстағы тарифтерді ұлғайту арқылы мерзімді баспа басылымдарын жеткізуді субсидиялауды арттыру керек екенін атап өтті. Бұған қоса аудандық және ауылдық әкімдіктердің мемлекеттік ғимараттарын салу кезінде қолдау шарасы ретінде пошта бөлімшелерін өтеусіз негізде орналастыруды қарастыру қажет екенін де алға тартты.

Тег: Қазпошта

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Банк банкрот болса, салымшыларға ақшаны кім қайтарады?

Банк банкрот болса, салымшыларға ақшаны кім қайтарады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz