Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналистердің Астанада жер сілкінісі неліктен сезілгені туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды kaskelen.kz.
“Афтершоктар, сейсмикалық толқын айтарлықтай үлкен болды. Рихтер шкаласы бойынша 6,5-7 дүмпу күшіне жетті. Сондықтан жер сілкінісін Орталық Азия да сезді. Тербелістер оңтүстіктен солтүстікке бағытталды. Сондықтан Астана тұрғындары да дүмпуді сезінді. Бірақ мұндағы тербеліс шын мәнінде өте әлсіз болды”, — деді Саясат Нұрбек.
Бұған қоса министр халықты сабыр сақтауға шақырды.
“Оны айту қиын. Бірақ жер астындағы өзгерістерден емес. Астана Тұран деп аталатын платформада тұр. Ол — өте орнықты, көне платформа. Сондықтан тек афтершок қана сезілді. Әйтпесе жер сілкінісінің өзі қуатты болды. Жалпы уайымдайтын ештеңе жоқ”, — деп жауап берді министр.