Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Нұрлан имам АҚШ-қа не үшін бара жатқанын айтты (видео)

фото: видеодан үзінді

Нұрлан имам АҚШ-қа не үшін бара жатқанын айтты (видео)

19.01.2024
Жаңалықтар
64
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-қа қайырымдылық асқа шақырту алған еді. Ол Америкаға не үшін бара жатқанын “1001 түн” бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

“Бұл тікелей Америка президентінің шақыруы емес. Көп жерде бұлай жарыса жазып жатқаны қате. Бұл – АҚШ-та жылда өтетін қайырымдылық ас. Бұл қайырымдылық асқа сол мемлекеттегі дін басшылары, мемлекет басшылары, танымал тұлғалар шақырылады. Бұл жылда болатын үлкен қайырымдылық ас.

Қайырымдылық астың негізгі мақсаты – әлемдегі тыныштық, ынтымақ, бірлік және осы төңіректе жасалатын дұғалар мен мінәжат. Әр дін өкілі өзінің дұғасын өз қолымен, ниетімен жеткізеді. Бұл – әлемде болып жатқан жағдайға байланысты барлық дін өкілдерінің бір жерде ниет тоғыстыруы. Оны ұйымдастырушылар шақырады. Әр мемлекетте өз өкілдері, үйлестірушілері болады. Осыдан біраз уақыт бұрын қайырымдылық астың үйлестірушілері жолығып, кейін жеке поштама шақырту хатын жіберді”, – деді Нұрлан имам.

Сондай-ақ Нұрлан имам әзірге шетелдегі сапары жайлы тек жалпылама ақпарат айтылғанын атап өтті.

“Кешкі немесе таңғы асы және жеке сұқбат болады деді. Менің сөз сөйлеуім әзірге нақты емес. Ол айдың аяғына таман болады. Өздері қандай мәселе көтеретінін айтатын көрінеді. Әзірге осы тақырыпта сөйлейсіз, осындай сұхбат болады деген нәрсе айтылмады. Бірақ қайырымдылық ас жайлы жалпылама айтылды”, – деді Нұрлан имам.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Нұрлан имамның шетелге жол жүретіні белгілі болды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025
Тег: ақшНұрлан имам

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Танымал отандық тележурналист Владимир Рерих қайтыс болды

Танымал отандық тележурналист Владимир Рерих қайтыс болды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz