Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Өткен жылы елімізде қанша шетелдікке ЖСН берілді?

фото: AP Photo / Andreea Alexandru

Өткен жылы елімізде қанша шетелдікке ЖСН берілді?

05.02.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстан былтыр 435 408 адамға ұялы байланыс операторына тіркеліп, банк картасы мен шотын ашуға мүмкіндік беретін жеке сәйкестендіру нөмірін берген, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

– 2024 жылдың 12 айында елімізге 15 294 699 шетелдік келді. Оның ішінде 5 860 195 Өзбекстан, 3 271 654 Ресей, 962 583 Тәжікстан, 3 335 475 Қырғызстан азаматы кірді, – деп жазылған ресми мәліметте.

Министрлік мәліметінен осы 15 млн шетелдік үшін Қазақстан транзиттік аумақ болғанын көруге болады. Өйткені, ел аумағына бір жылда кірген адамның тек 41 851-і ғана тұрақтап қалған.

– Осы кезеңде 15 252 848 шетелдік шықты. Оның ішінде – 5 820 299 Өзбекстан, 3 301 001 Ресей, 960 926 Тәжікстан, 3 329 523 Қырғызстан азаматы шықты. 2024 жылы елге келген шетелдіктерге 435 408 ЖСН рәсімделді. Жалпы ҚР келген барлық шетел азаматтарының болу мерзімі 30 күн, – делінген жауапта.

Бұл мәліметтен Қазақстан аумағына тек ЖСН рәсімдеу үшін ғана кіретін шетелдіктердің көп болғанын байқауға болады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Жалпы елімізде Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан азаматтары уақытша есепке тұрмай 90 күн бола алады, Өзбекстан азаматтарының болу мерзімі – 30 күн.

ІІМ ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың басынан қаңтар айының аяғына дейін елімізге 925 152 шетелдік келген. Оның ішінде 177 892 Ресей, 367 228 Өзбекстан, 46 037 Тәжікстан, 222 712 Қырғызстан азаматы бар.

– Биыл 902 570 шетелдік елімізден кетті. Оның ішінде 212 795 Ресей, 314 388 Өзбекстан, 45 113 Тәжікстан, 218 565 Қырғызстан азаматы бар. 2025 жылы елімізге келген 27 186 шетелдікке ЖСН рәсімделді, – деп жазады министрлік мамандары.

Еске салсақ, 2024 жылдың ақырғы күнінде Қазақстан шетел азаматтарына ЖСН беруді уақытша тоқтататыны хабарланған еді.

 

Тег: ЖСНшетелдік азамат

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Қазақстанда әуе көлігі паркін жаңарту қарқыны қалай?

Қазақстанда әуе көлігі паркін жаңарту қарқыны қалай?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz