Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Өзге елде өз ережеңді жүргізе алмайсың”: Динара Сәтжан ресейлік журналистің мәлімдемесіне жауап қайтарды

фото: Голос Народа

“Өзге елде өз ережеңді жүргізе алмайсың”: Динара Сәтжан ресейлік журналистің мәлімдемесіне жауап қайтарды

17.01.2024
Жаңалықтар
288
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ресейлік журналист Тина Канделаки Telegram-арнасына жазба жариялап, “Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр” деп айыптады. Шетелдік әріптесіне Динара Сәтжан жауап қайтарды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Ресейлік журналистің сөзінше, көз бен құлақ үйреніп қалған атауларды өзгерту Балтық елдерінен бастау алған.

“Қазақстанда ақырындап орыс тілі ығысып жатыр. Түрлі орындардың орысша атауын қазақшалаған. Бұл өте қауіпті үрдіс. Одан кейін орыс мектептерін жабу, Кеңес заманында орнатылған ескерткіштерді алып тастау, орыс тілінде сөйлеуге тыйым салу секілді дүниелер бар”, – дейді шетел журналисі.

Шетелдік әріптесінің сөзіне отандық журналист Динара Сәтжан бірінші болып пікір білдірді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

“Біріншіден, біз – тәуелсіз, егемен мемлекетпіз. Осындайда орыстардың: “Өзге елде өз ережеңді жүргізе алмайсың” деген мақалы еске түседі. Теміржол вокзалын қалай атайтынымызды өзіміз шешейік.

Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдар ішінде Кеңес өкіметі кезінде  жоғалған ана тілін біртіндеп қайтарып келеді.

Үшіншіден, орыс тілі елімізде ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Ал қазақ тілі – мемлекеттік тіл! Ол – Конституцияда бекітілген, 7-бап.

Теміржол вокзалдары өздерің жазғандай өзгертілген жоқ. Бірақ бұл – қазақ тіліндегі дұрыс аумақ атаулары. Орыс тілінің ығысуына қандай қатысы бар?! Ал біз тек мемлекеттік тілде ғана емес, орыс, ағылшын тілдерін де білеміз. Бұл біздің күшіміз!”, – деп жазды журналист.

Тег: Динара Сәтжанорыс тіліТина Канделаки

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Иран Пәкістан аумағына әуе шабуылын жасады

Иран Пәкістан аумағына әуе шабуылын жасады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz