Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазады kaskelen.kz порталы.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады.
Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді”, – деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.