Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Пышақтап, кейін каналға лақтырып жіберген”: көз жұмған Аружан Орынбайдың ата-анасы сот үкіміне наразы

фото: Azattyq Ryhy

“Пышақтап, кейін каналға лақтырып жіберген”: көз жұмған Аружан Орынбайдың ата-анасы сот үкіміне наразы

13.12.2023
Жаңалықтар
560
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Түркістан облысында кәмелетке толмаған Аружан Орынбайды өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыздың өліміне кінәлі болуы мүмкін екі күдікті ұсталды.

Оқиға 2023 жылдың сәуір айында болды. Іс материалдарына сәйкес, сотталушылардың бірі Аружанның жартылай жалаңаш суретін досына жіберген. Екіншісі қызды бопсалап, одан 1 миллион теңге сұрайық деп ұсыныс айтқан.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Бірақ досы бұл әрекетке көнбеді. Бопсалаушы досына күш көрсетемін деп қорқытқан. Нәтижесінде соңғы кездесуде екі ер адам мен жәбірленушінің арасында жанжал шықты. Ол қызды екі рет пышақтап, кейін каналға лақтырып жіберген. Оқушы қыздың мәйіті оқиға орнынан 2 шақырым жерден табылды.

“Сот үкімімен бір сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің “Бопсалау” және “Адам өлтіру” баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екінші сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы – “Қылмыс туралы хабарламау” бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды”, – деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбай.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ал қыздың анасы сот шешімімен келіспейтінін КТК арнасына берген сұхбатында айтты.

“Бейбарыс деген баланың қатысы бар екен. Бұл жерде Төлеп деген баланың шығарып бергені болып отыр. Бірақ шығарып берген күнде де, өлім болып отыр ғой. Сот шешімімен келіспеймін. Қалай үй қамаққа жібереді? Төлеп деген бұрынғы әкімнің баласы. Жазасын алсын деймін. Кімнің баласы болса да, қандай баласы болса да, олардың балалары тірі. Ал менің қызым енді жоқ”, – дейді А. Орынбайдың анасы Динара Зілғараева.

Тег: Басты жаңалықтарқылмыссотТүркістан облысы

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
2024 жылы елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама пайда болады

2024 жылы елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама пайда болады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz