Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Ринат Зайытов министрлер мен әкімдердің ұлдарын әскерге жіберуді міндеттеуін ұсынды

фото: ашық дереккөз

Ринат Зайытов министрлер мен әкімдердің ұлдарын әскерге жіберуді міндеттеуін ұсынды

15.11.2023
Жаңалықтар
143
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов министрлер мен әкімдердің ұлдарын әскерге жіберуді талап ететін норма енгізуді ұсынды, деп хабарлайды kaskelen.kz. Депутат осы уақытқа дейін лауазымды тұлғалардың әскерге шақырылғанын естімегенін айтты.

“Сіз статистиканы айттыңыз, 90 пайыз ауылдың жастары келеді деп. Мен осы уақытқа дейін министрдің баласы, әкімнің баласы әскерде жүр дегенді естімеймін. Осы заңның аясында жоғары лауазымды тұлғалардың балаларын не өздерін 2 айлық әскери дайындыққа міндеттейтін норма қарастыруға бола ма?”, – деді депутат қорғаныс министріне.

Министр Жақсылықов лауазымды тұлғалар әскерге балаларын жібергенін көпшілікке жариялай бермейтінін айтты.

“Патриоттық деген жүректе болуы керек. Ол жария етілмейді. Бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов екі туған жиенін әскерге өзі маған алып келген. Бұрынғы сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ұлы элиталық мектепті бітірген соң десанттық-шабуылдау әскерінде әскери міндетін өтеп, қазір АҚШ-тағы әскери училищенің курсанты болып отыр. Бұл үлгі емес пе? Министр мен депуттардың ұлдарын бөлетін норманың қажеті жоқ деп есептеймін. Заң барлығына ортақ, тек оны кім қалай орындағаны маңызды”, – деді Жақсылықов.

Айта кетейік, мәжілісте “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы талқылануда.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025
Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025
Тег: Әскерге шақырузаңмәжілісРинат Зайытов

Ұқсас материалдар

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025

Көлікке құйылған жанармай сапасыз болып шықса, бұл үшін кім жауапты? Неліктен танымал жанармай құю бекеттерінен отын алғаннан кейін көлік «салдырлап»...

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Қазақстанда білім беру саласындағы орташа жалақы 302 428 теңге болды. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Мәселен, 2025...

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

22.05.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несиелерге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыда күшейтуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізді, деп...

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

22.05.2025

Қазақстандықтар енді Отбасы банкіндегі несиесін мерзімінен бұрын жауып, бірден жаңа баспанаға ипотека рәсімдей алмайды. Енді олар қайтадан депозит ашып, кем...

Келесі
“Сынған сүйектің орнына су жиналған”: Сәкен Майғазиев жол апатынан кейін қандай халде?

"Сынған сүйектің орнына су жиналған": Сәкен Майғазиев жол апатынан кейін қандай халде?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz