Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Сахнаға шықпағанда сотталып кететін едім”: Дастан Оразбеков алғаш сахнаға шыққан кезін еске алды

фото: instagram.com/dastanello

“Сахнаға шықпағанда сотталып кететін едім”: Дастан Оразбеков алғаш сахнаға шыққан кезін еске алды

05.01.2024
Жаңалықтар
248
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал әнші, сазгер Дастан Оразбеков алғаш сахнаға шыққан кезін еске алды. Бұған қоса “Орда” тобының құрылу тарихын айтып берді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “Жарқын жүздесу” бағдарламасына сілтеме жасап.

Биыл “Орда” тобының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Топтың негізін қалаған кісілер ағайынды Сақатовтар екенін айтты.

“1998 жылдың аяғы. Менің үлкен сахнам “Керемет” деген театрдан басталған. Оны құрған кісілер – Марат пен Алмат Сақатов. Бүкіл қазақ елі танитын әкелі-балалы әзіл әлемінің өнерпаздары. Туған ағам Рүстем сол театрға актер болып қабылданды. Кейін әнші керек болып жатыр деген хабарландыруды естіп, ағам мені ертіп келді. Ол кезде мен мектепте оқимын. Сабақтан кейін келіп, театрдағы адамдарға ән айтып берді. Мені бірден қабылдады. Күтпеген жерден театр ішінен құрылған “Орда” деген топтың мүшесі болып шыға келдім”, – сол кезді еске алды әнші.

Осы орайда ол “Орда” тобының аты қалай пайда болғанын айтты.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

“Музыкалық жетекшіміз Оралхан Сәдуақасов деген кісі болған. Ағам Рүстем де сол топқа қабылданды. Мені топқа қабылдағаннан кейін Алмат Сақатов үшінші мүшеміз болды. Ол кезде Ерболат, Есболат, Жанболаттар жоқ. Рүстем, Дастан және Алмат ағамыз болды. Марат Сақатов ағамыз табан астында “Орда” тобы боласыңдар деді. Солай топтың аты пайда болды. Негізі менің өміріме өнер араласып өзгеріп кетті. Бала күнімде өте бұзық болатынмын. Тіпті сотталып кете жаздағанмын”, – дейді өнер иесі.

Әншінің сөзін сол кездегі топ мүшесі болған Алмат Сақатов та растайды.

“Дастанды оқушы күнінен танимын. Әкем оның үйіне қонаққа барғанда әкесі “Мына баланы театрыңа ал, әйтпесе сотталып кетеді” деген. Бұзақылық көп жасайтын тентек бала болатын. Бір оқиғаны айтып берейін. Омск қаласына гастрольмен баратын болдық. Павлодар қаласынан кейін кедендік бақылаудан өтейін деп тұрмыз. Театр ұжымы түгел сол жерде. Бөтен елдің шекарасы болғасын төлқұжат тексеретіні белгілі. Дастан ғана төлқұжатын алмаған. Ол кезде жеке-жеке адамдарды тексермейтін, 10 адам болса төлқұжатын санайды да өткізе беретін. Біреудің паспортын алып, тексерушінің қолына ұстата салған. Сол сәтте тексеруші адамдарды жеке-жеке тексеріп қалмасы бар ма?!. Бәріміздің атымызды айтып жатыр, Дастанға келгенде ешкім үндемейді. Бір кезде бәрі белгілі болды. Дастан 82 жылғы болса, қолындағы төлқұжатындағы жыл – 1969 жыл. Әлгі жер у-шу болып, Дастанды шекарадан өткізбей қояды. Театрдың қоятын концертінен қалмау керек, не де болса амалын тауып өткізгенін күтіп тұрмыз. Театрдың продюсері Лесбек ағамыз камаз арқылы өтетін болды деді. Оның жүргізушісі Омскіде тұратын қазақ екен. Еш саспай машинасына жасырып, Дастанды алып өтті. Заңсыз шекараны бұзғаны үшін сотталып кететін де еді”, – дейді актер.

Тег: Дастан ОразбековЖарқын жүздесуОрда тобы

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
“Қазақстан темір жолы” компаниясына 689 млрд теңгені жымқыру айыбы тағылды

"Қазақстан темір жолы" компаниясына 689 млрд теңгені жымқыру айыбы тағылды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz