Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Сандуғаш Стамғазиева сазгер Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы барын ашық айтты

фото: видеодан үзінді

Сандуғаш Стамғазиева сазгер Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы барын ашық айтты

11.12.2023
Жаңалықтар
505
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал әнші Сандуғаш Стамғазиева алғаш рет отбасы туралы айтып, ел арасында жүрген қауесеттің бетін ашты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы “Менің өмірім” бағдарламасына сілтеме жасап.

Бүгінде әртіс үлкен сахналардан көрініп жүрген жоқ.

“Сол кісіден дүниеге екі бала дүниеге келеді-ау деген нәрсе үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Маңдайыма жазылған нәрсені көріп жатырмын. Сондықтан “анау екен, бүйтіпті, сөйтіпті” деген әңгіме айтатын заман емес қазір. Иә, басында ол кісі мойындамай, жария еткеніме ашуланып жүрді. Бірақ қазір бәрі реттелді. Екі қыз тұрғанда қайда барамыз. Біз араласпаған күнде де қыздар әкелерін іздейді. Араласып тұрады. Әкелерімен ақылдасады, мен көбіне “әкеңнен сұра, сол не айтса сол болады” деп итере берем. Алтекең де менің жағдайымды қыздары арқылы біліп отырады. Алтекеңдей үлкен тұлғамен өмірім байланысады, тағдырым бірігеді деп ойлаған емеспін. Бірақ маңдайыма жазылғанын көрдім. Алтынай қызым жақында 19 жасқа толады. Сафиянұрым есімді екінші қызы 10-сыныпта оқиды”, – деп әңгімесін бастады.

Бірақ та жұлдызды жұп бөлек тұрып жатқан көрінеді. Композитордың “алғашқы жарынан ажыратып алды” деген қауесетке нүкте қойды.

Сізге ұнауы мүмкін

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025
Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

“Бірақ бөлек тұрып жатырмыз. Ешкімге ренжімеймін. Алғашқы жарымен де бет-жыртысып, ренжіспедік. Ол кісіге деген көзқарасым өте жақсы. Қайта ол кісіге рақмет айтамын. Бір-бірімізбен кездесіп, бір дастарханда отырмасақ та тілекшімін. Жүздеспедім, бір-бірімізді көп көрген жоқпыз. Алтекеңе деген сыйластығы шығар, бір-бірмізге алагөздік деген жоқ. …Балаларымның әкесінің атына көп дүние айтылады. Маған айтылған сөздер де болды: отбасының ортасына түсу, іріткі салу деген. Жоқ, Құдай сақтасын, оның бәрі пешенемізге жазылып қойған дүние болғандықтан, ең бастысы ешкімді ажыратып алған жоқпын. Әркім өзі отбасымен өмір сүріп жатыр. Балаларына деген көзқарасы да жақсы”, – дейді өнер иесі.

Сонымен қатар әнші қос қызының өнерге жақын екенін айтты.

“Екеуі де өнерге жақын. Үйге келе жатқанда сыртта тың тыңдап, біраз тұрамын. Кейде олар мен жоқ кезде ән салып, дайындалып алады. Мен бар кезде ұяла ма, тынышталып қалады. Жап-жақсы дауыстары бар, екі жақтан да Құдай беріп тұрған соң олар қайда барады?”, – дейді әнші.

Тег: Алтынбек ҚоразбаевбалаБасты жаңалықтарСандуғаш Стамғазиева

Ұқсас материалдар

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Атом энергетикасы тақырыбына қатысты сұрақтар қоғамда үлкен қызығушылық пен алаңдаушылық тудырады. Әсіресе атом электр стансасынан (АЭС) шығатын радиоактивті қалдықтардың қауіпсіз...

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

08.07.2025

Қазақстанда салық міндеттемелерін орындамаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Уақытында төленбеген салық үшін өсімпұл есептеледі, банк шоты бұғатталып, тіпті қылмыстық жауапкершілікке...

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

08.07.2025

Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының төл өнерін ұлықтайтын ерекше мереке. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі Қазақстанда ресми түрде...

Келесі
Ақтөбеде баланы азғындау ісі бойынша ақталып шыққан азаматтарға 70 млн теңге өтемақы төлейді

Ақтөбеде баланы азғындау ісі бойынша ақталып шыққан азаматтарға 70 млн теңге өтемақы төлейді

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz